Компьютер адамның «ішкі үнін» еститін деңгейге жетті
Компьютер адамның «ішкі үнін» еститін деңгейге жетті
29 күн бұрын 806 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бірегей технология бүйірлік амиотрофиялық склероз немесе инсульт салдарынан сөйлеу қабілетін жоғалтқан ерекше қажеттілігі бар немесе мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған: қозғалтқыш қатпарындағы электродтар тілдесуге мүмкіндік беретін бұлшықет командаларына жауап беретін сигналдарды тіркейді. Бұл жайында islam.kz порталы Cell  және The New York Times мерзімді басылымдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша технология алгоритмнің адамның ішкі үнін де «естуге» қабілетті екенін көрсетті. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқан, 2023 жылы сөйлеу қабілетінін айырылған Кейси Харрел есімді науқас нейроинтерфейс арқылы отбасымен тілдесіп көрген екен. Оның миындағы электр белсенділігі өзгеше жүйеге 6 мыңға тарта сөзді 97,5% дәл тануға мүмкіндік берген, содан кейін тек ойша айтылған сөздерді де тұспалдай алған. Әлбетте, мұндай әдіс ішкі үнмен тілдесуге тощыққанды мүмкіндік бере алмайды, дегенмен, бұл олқылықты шешу - уақыт еншісінде. Десе де ғалымдар бұл тарапта адамгершілікке қайшы кедергілерге де тап болып отыр: кей тәжірибелерде аталмыш жүйе адамның дауыстап айтуға болмайтын жасырын сөздерін де тіркеген. Яғни, адамның өз ішінде қалатын, өзгелерге қолайсыздық тудыруы мүмкін немесе адамның өзін ұятқа қалдыруы мүмкін сөздерді де тіркеген. Осыны ескерген ғалымдар адамның жеке немесе оңаша ойын өзгелерге белгілі болуына жол бермес үшін адам айтқысы келген сөздерін ғана кодтап, ішкі ойын жасырудың тәсілін іздеуге ден қоятын болды. Яғни, “ішкі құпиясөз” технологиясы түріндегі тәсілді тексеріп көру мақсатында жүргізілген тәжірибе кезінде жүйе мұндай “ішкі құпиясөздерді” 99% анықтап, оның сыртқа шықпауына ықпал еткен.

0 пікір
Мұрағат