|
Күйікті емдеу үшін «сұйық тері» жасалды
|
Швециядағы Лепчепинг университетінің ғалымдары тірі жасушалармен инновациялық гел әзірледі – күйікті емдеуде пайдалануға арналған, бейнелеп айтқанда «шприцтегі теріні» ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Healthcare Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамды күйік шылғанда әдетте терінің беткі қабатын (эпидермис) жапсырып жатады. Алайда, мұндай әдістен тыртық пайда болады, өйткені, терінің терең қатпары (дерма) орнаатылмайды. Дерма терінің толыққанды жұмыс істеуіне әрі икемді болуына қажетті қан тамырларын, жүйке талшықтарын және түк фолликулаларын қамтиды. Дерманы зертханада жасау қиын, өйткені, ол бірнеше құрылымнан тұрады. Осыны ескерген ғалымдар «құрылыс блоктарын» ойлап тапты – зертханада өсіруге болатын әрі организмнің қажетіне қарай түрлі жасушаларға айнала алатын, тіндер жалғайтын немесе қосатын жасушалары (фибробласты) турасында сөз болып отыр бұл арада. Ол үшін жасушалар құрамы жағынан тері коллагеніне ұқсас кішкентай желатинді шариктерде өсірілді. Мұндай шариктері бар гелді жара орнында ұстау үшін ғалымдар оны гиалурон қышқылымен араластырып, компоненттерді химиялық реакцияның көмегімен біріктіріп, берік және жағуға ыңғайлы материал - «шприцтегі теріні» қалыптастырды. Бұл тараптағы тәжірибе барысында осындай гелден жасалған кішкентай пластинкалар 3D-принтерде басылып, тышқан терісінің астына орналастырылды. Жасушалар аман қалып, жаңа дерма жасау үшін қажетті заттар шығара бастады, ал трансплантта қан тамырлары пайда болды – осылайша организмдегі тіндердің тірі қалуы үшін маңызды қадам жасалды.