Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы күнгі ем-домда қолданылып жүрген стандартты әдістер күйзелістен (депрессия дертінен) толық айықтыра алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы New-Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай жағдайда бүгінде урбанизация, әлеуметтік оқшаулану, климат дағдарысы, т.б. факторларға байланысты ресми түрде аурулар санатына енгізілген әрі ғаламдық денсаулық сақтау саласына орасан қор салмақ түсіретін күйзелісті емдеудің тың әрі стандарттан тыс тәсілдері қарастырылып жатыр. Сондай әдістердің біріне транскраниалды магнитті ынталандыру тәсілін жатқызуға болады. Бұл әдіс адамның көңіл күйін көтеруге жауапты ми аймағының белсенділігін магнитті импульспен оятуды ұйғарады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мұндай әдіс күйзеліске бой алдырған науқастардың 70%-ның дерт белгілерін жойған,, тағы 35%-ы тұрақты ремиссияғға қол жеткізген. Бұл бағыттағы тәжірибеге ем-домға бой бермейтін күйзелістің ауыр түріне шалдыққан 175 пациент қатысты. Оның ішінде 135 адам стандартты курстан өтті - күніне бір сеанстан, аптасына бес күн, алты апта емделді. Тағы 40 пациент жеделдетілген хаттама бойынша транскраниалды магнитті ынталандыру әдісі бойынша ем қабылдаған. Екі топ та күйзеліс белгілерінің едәуір төмендегенін көрсетті және екі емдеу схемасы арасында статистикалық маңызды айырмашылық байқалмады. "Күйзелістің ауыр түріне шалдыққандар үшін кем дегенде алты апта бойы емханаға күн сайын баруға тура келеді. Бұл қолайсыздық тудыруы мүмкін, - дейді зерттеудің жетекші авторы, UCLA жанындағы Нейроғылым және адам мінез-құлқы институтының аспиранты Майкл Апостол. - Біздің жұмысымыз көрсеткендей, емдеудің жаңа схемасы бір аптаның ішінде айтарлықтай жеңілдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді". Ең елеулі бақылаулардың бірі бес күндік курстан кейін  жағдайы бірден, айтарлықтай жақсара қоймаған жеделдетілген топ пациенттеріне қатысты болды. Ғалымдар олардың жай-күйін 2 және 4 аптадан кейін тексергенде депрессия көрсеткіштері орташа алғанда 36% -ға төмендеді.

0 пікір
Мұрағат