Күн батареясымен ұшатын ұшақ ұшу ұзақтығы бойынша рекорд орнатты
Күн батареясымен ұшатын ұшақ ұшу ұзақтығы бойынша рекорд орнатты
9 жыл бұрын 4121 Reuters

Естеріңізде болса, кезінде күн батареясымен ұшақтын ұшақ туралы, оның әлемді айналып ұшып өту уақыты турасында сайтымызда хабарлаған едік. Швейцарлық Андре Боршберг өткен жұмада бұл ұшақты Гавайға қондырды. Яғни, тоқтаусыз Жапониядан Тынық мұхитын көктей өтіп, бес күнге созылған рекордтық ұшудан кейін Гавайға келіп қонды. Қанатының ұзындығы 72 метрге 2 бұл ұшақты ұшу кезінде ұшқыштар 20 минуттан ұйықтап, бір-бірін алмастырып отырды. Solar Impulse 2 – тәулік бойы жанар-жағармайсыз ұшатын ұшақ. 120 сағатқа созылған ұшумен рекорд орнатты. 76 сағат ішінде 5500 шақырымды артқа тастады. Ұшқыштар Бошберге пен Пикар үстіміздегі жылдың наурыз айының 10-ы күні 35 мың шақырымға созылған әлемді шарлап шығу сапарына аттанған еді. Келесі кезеңде Гонолулудан Финикске ұшу жоспарланып отыр. Одан америка асып, Аризона штатына аялдайды да Атлант мұхиты арқылы ұшып шыққан жеріне, яғни, Әбу-Даби қаласына ұшады.

 

 

0 пікір
Мұрағат