Лазер сәулесіне төтеп беретін жұмсақ робот жасалды (видео)
Лазер сәулесіне төтеп беретін жұмсақ робот жасалды (видео)
5 күн бұрын 407 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жарыққа аса сезімтал материалдан жасалған жұмсақ робот лазерлік сәуленің әсерінен - электроникасыз немесе сымсыз күрделі қозғалыстарды орындай алады. Қозғалыстарды қажетті жарық үлгілерін болжайтын нейрожелі басқарады. Бұл жайында islam.kz порталы advanced.onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Райс университетінің ғалымдары азобензол - жарыққа әсер ететін полимер негізінде сұйық кристалды эластомерден роботталған қол жасады. Көк лазердің әсері кезінде материал жиырылады және күн сәулесі түсетін жаққан талпынатын өсімдік секілді жарық түскен жаққа қарай иіледі. Қараңғыда ол созылып, бірнеше секундтан кейін бастапқы қалпына келеді. Материалды басқару үшін инженерлер жарықтың кеңістік модуляторын пайдаланды: ол лазер сәулесін бірнеше бөлікке бөліп, оны роботтың әр аймағына бағыттайды. Жекелеген сәулелерді қосу немесе өшіру арқылы қажетті аймақта лазер сәулесін бағыттауға болады. Ғалымдар лазер қалыптастырған жарық суреттерінің түрлі нұсқаларын сынақтан өткізіп, құрылғының реакциясын байқап көрген екен. Бұл деректер нақты қозғалысты орындау үшін қажетті паттернді болжай алатын нейрожеліні оқыту үшін пайдаланылды. Әзірленген материал көк жарықпен қауіпсіз жұмыс істей алатынын көрсетті. Әзірше қол екі өлшемде ғана қозғалады, алайда, болашақ нұсқаларда әзірлеушілер қосымша сенсорлар мен камералардың көмегімен үш жазықтықта иілу мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр. Технология медицинада имплантталатын жұмсақ хирургиялық құрылғыларды жасау үшін, сондай-ақ, морт сынатын немесе нәзік объектілермен жұмыс істеу үшін пайдалы болады. Қазір жұмсақ роботтардың көбі сымдармен немесе қозғалыс еркіндігі шектелген. Жаңа тәсіл бұл жағдайды өзгертуі мүмкін.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3