|
Мамандар қайнаған суды екінші рет қайнатып ішпеуге кеңес береді
|
Қайнаған суды бірнеше рет қайнатып ішу көпшілігіміздің әдетімізге айналған. Біреулер суды төгіп ысырап еткісі келмейді, екіншілері шәйнекті қайта толтыруға ерініп жатады. Бірақ, бір қайнаған суды екінші рет қайнатып ішкеннің өзі денсаулыққа зиян дейді дәрігер-мамандар.
Біздің қазір тұтынып жүрген судың құрамында хлордан бөлек басқа да түрлі химиялық қоспалар бар. Заманауи сүзгілердің өзі оларды бізге толықтай тазартып бере алмайды. Жерасты суларын пайдаланатындарды да таза су ішіп отыр деп айта алмаймыз. Өйткені, бүгінгі экологиялық жағдай көңілге күдік тудырады.
Суды залалсыздандырып, қауіпті қасиеттерінен арылудың бірден-бір жолы – оны қайнату. Қайнау барысында судағы бактериялар жоғалып, хлор азайып, су жұмсағырақ болады. Алайда, көптеген зерттеулер нәтижелері су құрамындағы ауыр металдар қайнау барысында буланып кетпейтінін, ал хлор басқа заттармен қосылып, зияндылығын арттыратынын көрсетті.
Ал, бір суды екі немесе одан да көп рет қайнату нәтижесінде адам ағзасына қауіпті қосылыстардың саны көбейіп, пайдалы қасиеттер мен оттегі азайып кетеді. Басқаша айтқанда, салыстырмалы түрде пайдалы, жұмсақ су "өлі" суға айналатын көрінеді. Сол үшін мамандар суды бір реттен артық қайнатпауға кеңес береді.
Бірнеше рет қайнатылған суды жиі пайдаланатын болсаңыз ең алдымен бүйрегіңіздің жұмысы нашарлап, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығуыңыз ықтимал. Сондай-ақ, теріде дақтар пайда болып, қант диабеті секілді қатерлі дерттің де пайда болуы мүмкін.
АҚШ ғалымдары газдалған сусындарды ішуге үзілді-кесілді қарсы шықты
Бостондағы (АҚШ) Тафтс университетінің бір топ ғалымы тәтті газдалған сусындарға тыйым салуға шақыруда. Өйткені, олар көптеген адамның ажалына себеп болады екен.
Ғалымдар соңғы 30 жыл бойы жүргізген жұмыстарының нәтижелерін қорытындылады. Оның барысында әлемнің 50 елінде тұратын 611 мыңнан аса адамның денсаулығы бақыланып, қайтыс болу себептері зерттелген.
Ақыры газдалған сусындардың жылына 184 мың адамның өмірін қиятындығы анықталды. Бұл сусындар диабет пен жүрек ауруларын тудырады. Сондай-ақ, онкологиялық дерттерге де солар себеп.
Медициналық мамандар бүкіл әлем бойынша газдалған сусын өндірісін қысқартып, оны шектен тыс ішуді доғаруға үндеп отыр. Керісінше болған жағдайда, іс насырға шабуы мүмкін.