|
Масаны іздеп жүріп табатын әрі жоятын дрон құрастырылды (видео)
|
Мазаны алатын масаның көзін жоюға арналған ерекше стартап белгілі бір аумақты зиянды жәндіктен «күзетіп», тауып, оларды кинетикалық түрде, яғни, қоршаған ортаға залалы жоқ жолмен - химиясыз жоятын қуаттылығы 40 г болатын ықшам әрі автономды (дербес) ұшқышсыз ұшу аппаратын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы ycombinator.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Tornyol компаниясы масалармен күресуге арналған «аңшы»-дронды» әзірледі. Кейбiр жәндiктер денсаулыққа қауiп төндiредi - олар жыл сайын 700 000-ға жуық кісі өлiмiне себеп болып, 700 млн. адамға ауру таратады. Айрықша дронның салмағы шамамен 40 г тартады және масамен күресте микрофон массиві бар фазаланған антенна торын және ультрадыбыстық таратқышты пайдаланады, олар шыбын-шіркейлерді эхолокация және допплер әсерінен қанаттарын шайқау арқылы анықтайды. Масаны тапқан бойда ұшқышсыз ұшатын аппарат оны қуып жетіп, өзінің пропеллерлерімен жояды. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бірегей жүйе химикатты пайдаланбайды және масадан өзге жәндікті ажырата адатын қабулетке ие, яғни, пайдалы жәндіктерге зиянын тигізбейді. Мұндай ондаған дрон шамамен бір шаршы шақырымды тәулік бойы масадан қорғай алады.