Миллиондаған ауру азабынан құтылатын болды: ең қауіпті дерттің емі табылды
Миллиондаған ауру азабынан құтылатын болды: ең қауіпті дерттің емі табылды
8 күн бұрын 384 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

1-ші типті диабетті емдеудегі жетістік: жаңа дәрі инуслинді қолдану қажеттілігінен құтқарады. Бұл жайында islam.kz порталы New England Journal of Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа Zimislecel препаратының клиникалық сынақтарының нәтижелері 1 типті диабет ем-домын жаңа белеске көтеретінін көрсетіп берді. Осы инновациялық дәріні науқастың организіміне бір рет енгізгеннен кейін аурудың ең ауыр түрімен ауыратын 12 қатысушының 10-ы инсулиннен толық бас тартқан. Қалғандары да оның мөлшерін едәуір қысқартты. Америкалық диабет қауымдастығының жыл сайынғы конференциясында жағымды жаңалық әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шарлап кетті. 1-типті диабет - иммундық жүйе инсулин шығаруға жауап беретін ұйқы безінің бета-жасушаларын зақымдайтын немесе істен шығаратын аутоиммунды ауру. Инсулинсіз қан құрамындағы қант деңгейі ырық бермей кетеді, ал бұл көптеген ауыр асқынуларға әкеледі. Гипогликемияға организмнің сезімталдығының төмендеуі қауіп төндіреді - организм қант деңгейінің төмендеуі туралы белгі беруді тоқтатқанда адам есінен танып, өліп кетуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, мұндай аурудан күллі әлем бойынша 9 миллионға жуық адам зардап шегеді. Zimislecel діңгекті жасушалар технологиясына негізделген. Vertex компаниясының зерттеушілері діңгекті жасушаларды инсулин өндіретін бета-жасушаларды қоса алғанда толыққанды аралдық жасушаларға айналдырды. Оны пациент организіміне инфузия арқылы енгізеді, содан кейін жасушалар бауырға тамыр жайып, инсулин істеп шығарады. Инновациялық дәріні организмге енгізгеннен кейінгі алғашқы айларда-ақ науқастардың халі жақсарып, гипогликемия ұстамасы 90 күн ішінде тоқтаған. Алайда, жаңа әдістің де өз кем-кетігі бар. Ауыстырылған жасушаларды организм жатырқамас үшін пациенттер өмір бойы иммунодепрессанттарды қабылдауы қажет. Ал бұл процедура инфекциялар мен обырдың кейбір түрлерінің қаупін арттырады. Бұдан басқа, аталмыш тәсіл аурудың жеңіл түрімен ауыратын пациенттер үшін тиімді бола ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3