Молекуланың ішіне құпия таңбаларды жасырудың жолы табылды: деректерді сақтаудың жаңа баламасы
Молекуланың ішіне құпия таңбаларды жасырудың жолы табылды: деректерді сақтаудың жаңа баламасы
23 күн бұрын 472 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар синтетикалық молекулаға 11 таңбалы құпия сөзді шифрлап, полимердің ерекше электрохимиялық қасиеттерін пайдаланды, содан кейін оны қайта құпия таңбасын сәттілікпен шешті. Бұл жайында islam.kz порталы Chem мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Остиндегі Техасс университетінің ғалымдары синтетикалық полимер мен электрлі сигналдардың көмегімен ақпаратты кодтаудың әрі санаудың әдісін әзірледі. Бірегей технология деректі сақтау үшін энергияны қажет етпейтін ақпаратты сақтау құралын жасауды ұйғарады. Молекулалар мәліметтерді энергияны қажет етпей-ақ ұзақ уақыт бойы сақтай алады. Бұл тараптағы өзгеше зерттеуге атсалысқан Правин Пасупати есімді ғалымның айтуынша, мына тәсілді пластиктен жасалған құрылыс блогына ақпаратты жазудың алғашқы әрекеті ретінде бағалау керек, оны кейін электр сигналдары арқылы оқуға болады. Мұндай  технология бізді күнделікті материалда ақпаратты сақтау мүмкіндігіне бір қадам жақындатады. Бұл тәсіл бақылаудағы полимердің бұзылуы кезінде бөлінетін пайда болатын немесе полимердің бұзылуы кезінде бөлінетін электрлі сигналдарды оқуға негізделген. Аталмыш технология жасырын ақпаратты оқу үшін масс-спектрометр секілді қымбат тұратын құрылғыны пайдалануды қажет ететін ДНҚ секілді деректерді сақтау технологиясына қарағанда әлдеқайда қолайлы әрі арзанға түседі. Молекулалық «әліппе» жасау үшін ғалымдар төрт түрлі мономерді — түрлі электрохимиялық қасиеттері бар негізгі химиялық құрылыс блоктарын пайдаланды. Мономерлерді түрлі тәсілдермен біріктіре отырып, ғалымдар 256 түрлі символды көрсетуге қабілетті жүйені әзірледі. Айрықша технологияны сынап көру кезінде demonstration ретінде олар ‘Dh&@dR%P0W¢’ құпия сөзін полимер тізбегіне кодтаған екен. Ғалымдар мономерлердің бірінен соң бірі жоғалатындай, етіп, яғни, полимердің бірден емес, біртіндеп бұзылатындай процесті әзірледі. Әрбір жоғалып бара жатқан мономер ерекше электрлі сигнал шығарады. Міне, осы сигналды анықтау арқылы қүпия таңбаларды оқуға болады. Нақты қолдануға қолайлы болуы үшін ғалымдар бірқатар шектеуді жоюдың жолдарын іздестіріп жатыр: декодтау процесі деструктивті, сондықтан әрбір хабарды тек бір рет оқуға болады, ал оны оқу 11-символдық паролді ашу үшін 2,5 сағатқа жуық уақытты алады

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3