Нано сым желісі адам миы сияқты үйреніп, есте сақтай алады
Нано сым желісі адам миы сияқты үйреніп, есте сақтай алады
1 жыл бұрын 1150 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Нано сымдар желісіндегі тұрақты байланыстарды қалыптастыру. Кескін: Alon Loeffler, University of Sydney

Ғалымдар сымның кішкене бөліктерінен жасалған нейрондық желілердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жадыға ие болатынын анықтады.  Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сидней университетінің жетекшілігімен халықаралық ғалымдар тобы күрделі жүйке жүйесіне тән күрделі когнитивті тапсырмаларды орындау үшін нано сым желісінің қабілетін сынап көрді. Бұл тараптағы талдау нәтижесі мидың физикалық құрылымын имитациялайтын желілер деректерді үйреніп, есте сақтай алатынын көрсетті. Аталмыш желіні сынақтан өткізу үшін ғалымдар нейрофизиологияда және жадыны бағалауға қатысты психологиялық тесте қолданылатын белгілі тәжірибені - n-кері қадам (ағыл. n-back) тапсырмасының модификацияланған ұқсас түрін пайдаланды. Бұл бағыттағы тестілеу кезінде тәжірибеге қатысушыға суреттер сериясы (визуалды тест) ұсынылады немесе объектілер аталады (есту сынағы), ол осы немесе басқа нысанның бұрын кездескенін көрсетуі керек. Мысалы, мұндай тапсырма әріптер тізбегін көрсетуді қамтуы мүмкін және адамға дәл сол әріп 1, 2 немесе одан да көп қадам бұрын кездескенін айтуы керек. Бұл тапсырма бойынша адамдардың көпшілігінің орташа ұпайы - 7. Бұл ұпай адамдардың көпшілігі жеті қадам бұрын пайда болған суретті тани алатынын білдіреді. Зерттеушілер нано сым желісінің электр тізбегіндегі қажетті соңғы нүктені жеті қадам артқа «есте сақтау» мүмкіндігі бар екенін анықтады. «Біз желіге өз ісін жасауға мүмкіндік бермей, жолдарды өзгертуге мәжбүрлеу үшін терминал электродтарының кернеулерін басқардық», - деп түсіндірді осы зерттеуге атсалысқан Алон Лоэффлер есімді ғалым.  Бірқатар тәжірибе сыртқы әсерден нано желінің «үйренгенін» және оның жадының «күшейгенін» көрсетті: желі ғалымдар ұсынған жолдарды жаттап алды және уақыт өте келе қалыптасқан байланыс азайған жоқ. Бұл синаптикалық желінің жұмысын еске түсіреді, ғалымдар атап өткендей, кейбір байланыстар күшейеді, басқалары әлсірейді, нәтижесінде оқу процесінде тұрақты байланыстар қалыптасады. Наносым желісі – әдетте ұсақ, өткізгіштік қабілеті жоғары, күміс сымдардан әзірленетін нанотехнологияның бір түрі. Арнайы құралсыз (микроскоп) өзге көрінбейтін, пластикалық материалмен қапталған бөлшектер торды қалыптастыру үшін кездейсоқ орналасады, яғни, шашыраңқы болады. Мұндай сым өзінің қасиеттеріне байланысты мидың физикалық қасиеттеріне еліктейді: синапс арқылы қосылған нейрондар желісі. Мұндай желі, мәселен, күтпеген жағдайларда жылдам шешім қабылдауға көмектесетін роботталған құрылғылар мен сенсорларды жасауға мүмкіндік береді.

 

0 пікір
Мұрағат