Нанопластик улы бактерияға жабысуға бейім келеді
|

Шірімейтін, яғни, биологиялық тұрғыдан көпке дейін ыдырамайтын қалдықтар бактерияларды одан ары қауіпті етеді. Қоршаған ортаны негізгі ластаушы заттар арасында алдыңғы орында тұрған пластик микроорганизмдерді әлдеқайда жұқпалы әрі төзімді етпек. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Nanobiotechnology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада көлемі бір микромтерге де жетпейтін ммикроскопиялық бөлшек – нанопластиктің қауіптілігі турасында сөз болып отыр. Мұндай күлдей ұсақ бөлшек тірі организмдердің жасушасы мен тініне оңай енеді, осылайша бактериялардың құлқын өзгертеді. Иллинойс университетінің ғалымдарының бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне сәйкес нанопластик ең қауіпті бактериялардың бірінен саналатын - Escherichia coli (E. coli) микроорганизімінің патогендік ерекшелігін күшейтеді. Тәжіриье үшін ең көп таралған пластиктердің бірі - полистирол пайдаланылды. Одан түрлі электр зарядтары бар - оң, бейтарап және теріс нанобөлшектер синтезделді. Содан кейін ғалымдар бұл бөлшектердің бактериялардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін бағалады. Оң зарядты нанопластик E. coli-де қорғаныс реакцияларын жандандыра отырып, стресс тудырады. Оған жауап ретінде бактериялар жұғудың (зақымдаудың) негізгі белгілеріне жауап беретін Шига түріндегі уды көбірек өндіре бастаған. Бұдан басқа, нанопластиканың әсері бактериялардың өсіп-өнуін тежеді және сыртқы ортаның әсеріне төзімді биопленкалардың - тығыз микробтық қоғамдастықтардың қалыптасуына кедергі келтірді. Бір жағынан, бұл жаңалықтың маңызы зор - дәл осы биопленкалар созылмалы инфекциялардың негізіне жатады және медициналық және тағамдық ортада қауіпті. Екінші жағынан, нанопластикадан алған стресс бактериялардың патогенді қасиеттерін арттыра отырып, вируленттік гендердің өзгеруіне әкелді.
Ұқсас материалдар:
Нанопластик организмге өзімен бірге ауыр металдарды ала кіреді
Нанопластиктің ішек микробиомына қалай әсер ететіні белгілі болды




