Нанөткізгіштерден жасалған торкөз имплантаты тышқандардың көру қабілетін қалпына келтірді
Нанөткізгіштерден жасалған торкөз имплантаты тышқандардың көру қабілетін қалпына келтірді
29 күн бұрын 386 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар теллурлық наноөткізгіштер негізінде тор қабық протезін әзірледі. Ол соқыр тышқандардың көру қабілетін қалпына келтіріп қана қоймай, көретін маймылдарға жақын инфрақызыл диапазонды көруге мүмкіндік берді. Бұл жайында islam.kz порталы Scienceмезімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Имплант негізі ретінде қытайлық ғалымдар жарыққа сезімтал, ақ-күміс түсті жартылай өткізгіш теллурды пайдаланды. Нанөткізгіштер көрінетін және инфрақызыл жарықты сырттан келетін қуат көзінсіз немесе үлкен жабдықтың қажеттілігінсіз электр сигналдарына түрлендіретін торлы желіге өрілген. Бұл технологияны гені түрлендірілген соқыр тышқанға сынап көрген екен: имплант кеміргіштің қарашығының рефлексін оятып, мидағы көру қыртысының нейрондарын белсендірген. Протез, тіпті,  клиникалық деңгейден 80 есе төмен жарықта да жұмыс істеген. Бұған қоса, макака маймылына жүргізілген тәжірибе нәтижесі импланттың организмге қауіпсіздігін және биологиялық тұрғыдан үйлесетінін көрсетіп берді. Ал көретін жануарлардың өзі жақыннан инфрақызыл жарықты көре алатын деңгейге жеткен. Бұдан көзі сау жануардың жанары зақымдалмаған. Импланттың бұл артықшылығы немесе ерекшелігі қаркңғыда көруге мүмкіндік бермек. Импланттың жұмыс істеу принципі теллурлық наноөткізгіштердің табиғи қасиеттерін пайдалануға негізделген. Құрылғының тар аймағы және жоғары жарық сіңіру қабілеті кең спектрде рекордтық тиімділікті қамтамасыз етеді. Тордың асимметриялық құрылымының арқасында көздің тінінде сыртқы электрлік әсерсіз күшті фототоктар пайда болады. Қолданыстағы протездерден айырмашылығы - жаңасы көздің ішінде немесе сыртында қосымша компоненттерді қажет етпейді, кедергілерден зардап шегпейді. Имплантант субретиналды жолмен енгізіледі және дербес жұмыс істейді. Ғалымдар адамдарда клиникалық сынақтар өткізуді жоспарлауда.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3