Өмірдің РНҚ-тан тарайтыны расталды
Өмірдің РНҚ-тан тарайтыны расталды
2 жыл бұрын 1741 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Custom Medical Stock Photo / Globallookpress.com

Қолданбалы молекулярлық эволюция қорының ғалымдары алғашқы тірі жасушалардың тікелей алғышарты деп есептелетін рибонуклеин қышқылының (РНҚ) базальт әйнегінің бетінде өздігінен пайда болатынын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Astrobiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл магмалық тау жынысы Жерде осыдан 4,35 миллиард жыл бұрын пайда болған және Марста әлі күнге дейін сақталған. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеу барысында РНҚ молекуласын оның «блоктарынан» - рибонуклеозидті трифосфаттардан (нуклеотидтерден) өздігінен құрастыруға қол жеткізді. Ешқандай ферментсіз базальт шынысымен инкубациялау арқылы алынған полимер тізбегінің ұзындығы орташа есеппен 100-300 нуклеотидті құраса, көп жағдайда нуклеотидтер бір-бірімен РНҚ-ға тән күрделі эфир байланысы арқылы байланысқан. Рибонуклеин қышқылы бөлме температурасында әрбір грамм шыны үшін сағатына 2-10 синтез жылдамдығымен 20 сағат бойы жинақталған және айлар бойы тұрақты сипатынан айырылған жоқ. РНҚ құрылымы тым күрделі, бұл молекула ферменттердің қатысуынсыз өздігінен пайда болады, деп болжанған еді. РНҚ-ның осынау гипотезасына сәйкес тірі жасушалардың алғашқы прекурсорлары - өздерінің синтезін катализдеуге және өз құрылымы туралы тұқым қуалайтын ақпаратты тасымалдауға қабілетті РНҚ молекулалары. Дегенмен, РНҚ пребиологиялық эволюцияның алғашқы қатысушысы ретінде алға шығатын моделді дәлелдеу үшін РНҚ полимераза сияқты ферменттерді қолданбай жеткілікті ұзын РНҚ синтезін тәжірибе жүзінде көрсету қажет. Бұл процесс катархеяға (эволюцияның алғашқы кезеңі – ред.) тән қоршаған ортаға адамның қатысуынсыз жүруі керек. Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі полирибонуклеотидтік молекулаларды жер бетінде катархейлерде (төрт миллиардтан астам жыл бұрын) болған, деп болжауға итермелейді, егер планетада трифосфаттар болса. Қатты затқа айналған магмадан пайда болған жер бетіндегі тау жыныстары метеориттердің белсенді бомбалауына ұшырап, базальттарға балқытылған. Олардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері, зерттеушілердің пікірінше, қазіргі базальт жыныстарынан айтарлықтай ерекшеленбейді. Бірнеше тонна сынған және суға малынған шыныдан тұратын шағын аймақ жеткілікті трифосфаттармен күніне шамамен бір грамм РНҚ өндіре алады. Ғалымдар метеориттердің әсер ету аймақтарында нуклеозидтрифосфаттардың болуы РНҚ-ның өздігінен жиналу мүмкіндігі үшін өте маңызды екенін атап өтеді. Қазіргі уақытта ғалымдардың көптеген топтары ежелгі Жердегі нуклеотидтер синтезі мәселесімен айналысуда.

Ұқсас материалдар: 

"Өмірдің топырақтан тарағаны туралы гипотеза растала түсті" (https://islam.kz/kk/news/gylym/omirdin-topyraqtan-taragany-turaly-gipoteza-rastala-tusti-17419/#gsc.tab=0);

«Жердегі өмір ДНҚ мен РНҚ-ның араласынан пайда болды» деген теория расталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdegi-omir-dnq-men-rnq-nyn-aralasynan-paida-boldy-degen-teoriya-rastaldy-14613/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат