Өсімдіктен алғаш рет сүт ақуызы алынды
Өсімдіктен алғаш рет сүт ақуызы алынды
5 сағат бұрын 84 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израил ғалымдары сиыр ақуызын өндіру үшін моделді өсімдікті модификациялады, яғни, генін түрлендірді. Бұл жайында islam.kz порталы Frontiers in Plant Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, өсімдік тұқымына ерекше генді енгізіп, бета-казеин алудың жолыне тапқан. Бұл технология дәстүрлі мал шаруашылығына балама жолды ұсынады. Құдыстағы Еврей университетінің ғалымдары өсімдіктерден сүт ақуызын өндіру тәсілін тапты. Олар моделді өсімдіктің тұқымына бета-казеин сиыр ақуызының генін енгізді. Зертханада жүргізілген тәжірибе нәтижесі мал шаруашылығын жаңа технологиялармен алмастыру мүмкіндігін дәлелдеді. Мамандар өсімдік жасушасының арнайы вакуумдарында ақуыздың жиналуын күткен еді. Алайда, электронды микроскопия бұл бағыттағытәжірибенің өзге нәтижесін көрсетті. Жануар ақуызы тұқым ішінде майда май денелерінің айналасында түзілген. Бұл ақуыз-май агрегаттары казеиннің табиғи мицеллаларына ұқсайды. Өсімдік күрделі ақуыздарды сақтауға арналған қауіпсіз жолды дербес жасады. Бұл ретте тұқымдар қалыпты өсу қабілетін сақтап қалды. Өндірілген бета-казеин деңгейі тұқымның ерітінді ақуыздың жалпы мөлшеріне шаққанда едәуір үлесті құрады. Өсімдіктегі сүт ақуыздарын өндіру бұрын техникалық себептерге байланысты аса қиын шаруа болатын. Ғалымдар нақты нәтижеге қол жеткізу үшін бета-казинді олеозиннің өсімдік ақуыздарымен қосып көрді. Олеозин өсімдіктің май денелерімен байланыса алатын болып шықты. Келесі кезеңде ғалымдар бұл технологияны сафлор дееп аталатын майлы өсімдікке қолданып көрген екен. Аталған өсімдік құрғақшылық жайлаған ыстық аймақтарды өсе береді. Бұл технология өз кезегінде климат дағдарысына әрі адамзат санының өсуіне байланысты маңызы артып келе азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкенн рөл атқаратын болады.

0 пікір
Мұрағат