Ота кезінде қанды мөлдір ететін технология пайда болды
|

Калифорниялық Ocutrx Technologies компаниясы хирургтерге ота кезінде жинақталған қанның арғы жағын көруге мүмкіндік беретін технология ойлап тапқанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы prnewswire.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. HemoLucence жүйесі қан астында жасырылған анатомиялық құрылымдарды бейнелеу үшін жасанды зерде (AI) мүмкіндігін және сандық көлемнің қайта құрылу технологиясын пайдаланады. Әзірлеушілердің айтуынша, бірегей технология жарықтың құрылымын талдаудан өткізеді, шашыраңқылықты жояды. Тіпті, сұйықтық қабатының астында болса да тіндердің нақты үш өлшемді бейнесін қайта жасайды. HemoLucence негізінде математикалық моделдер, нейротораптар және de-scattering техникасын біріктіретін алгоритмдер кешені жатыр. Пталмыш жүйе шашыраңқы сәулені сіңірілген сәуледен ажырату үшін түрлі бұрыштардағы жарықты аулайды. Осы деректердің негізінде АІ жасырын құрылымдардың бейнесін қалпына келтіреді. Зертханалық сынақтар кезінде HemoLucence 3 мм тұтас адам қаны арқылы тіндерді визуализациялады. Әзірлеушілер тереңдікті кем дегенде 1,5 см дейін ұлғайтуға ниетті. Компания өкілдері жүйенің 2025-2026 жылдарға жоспарланған клиникалық сынақтарының OR-Bot 3D хирургиялық микроскопына интеграцияланатынын хабарлады. Ocutrx-тің медициналық кеңесшілері мен сарапшылары бұл технология хирургиялық емдеу тәсілін әлдеқайда қауіпсіз ететінін алға тартып отыр. Дәлірегі, дәрігерлер қан тамырларын, жүйке талшықтарын, қан кетудің көздерін, ісіктерді анықтап, ажырата алады. Осылайша науқастың өміріне қауіпті қателікке жол берілмейді. Бұдан бөлек, аталған технология ота уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.




