Парацетамолдың психикаға қауіпті әсері анықталды
Парацетамолдың психикаға қауіпті әсері анықталды
9 сағат бұрын 108 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемде кеңінен таралған әрі танымал дәрі-дәрмектің, яғни, парацетамол ауруды басып қана қоймайды, сонымен қатар, адамның психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Огайо штаты университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдар зерттеуіне жөн сілтеген Social Cognitive and Affective Neuroscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парацетамолдың адамның үрейлену сезімін басып тастайтыны белгілі болды. Осылайша, сақтықты ұмытып, қатерлі қадамға баруына ықпал етуі мүмкін. Ғалымдар бұл дәріні зерттеуіне оның танымалдылығы себеп болған. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан Балдуин Бей есімді америкалық нейробиолог парацетамолдың жағымсыз эмоция қарқынын төмендететінін анықтағандарын мәлімдеді. 500-ден астам студент тартылған тәжірибе барысында 1000 мг парацетамол - ересектерге арналған ең жоғары бір реттік дозаны немесе плацебо (өтірік дәрі) берілді. Содан кейін тәжірибеге қатысушыларға виртуалды әуе шарын үрлеп, шартты ақша табатын компьютерлік тапсырманы орындау ұсынылды. Шарты: шар неғұрлым үлкен болса, ұтыс соғұрлым жоғары болады, бірақ, жарылып кетсе барлық жинаған ұпайы күйіп кетеді. Парацетамолды қабылдағандар орта есеппен шарды бақылау тобының қатысушыларына қарағанда көбірек үрлеп, жиі сәтсіздікке ұшыраған. Осылайша дәрінің организмдегі мінез-құлықтың қатерлі стратегиясын көрсетіп берген. Бұдан басқа, бірқатар сынақтарда тәжірибеге қатысқандар түрлі гипотетикалық жағдайлардың - қауіпті ойын-сауықтан бастап қатерлі деңгейде көлік жүргізуге дейінгі тәуекелін бағалады. Нәтижесінде парацетамолды қабылдағандар өтірік дәрі қабылдағандарға қарағанда қауіп-қатерді елемейтін болып шықты. 

0 пікір
Мұрағат