|
Планетаны “салқындату” жолы табылды
|
Израилдік Cooling Crops стартапы ауыл шаруашылығындағы өзгерістер арқылы планетадағы температураны төмендетуге көмектесетін технологияны ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы «newsru.co.il» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар егістіктер мен топырақты өңдеуге арналған арнайы құрамдарды пайдалана отырып, тек өсімдіктерді ғана емес, қоршаған ортаны да салқындатуға болатынын алға тартып отыр. Өзгеше техноллгия «атмосфералық терезелер» ұғымына - толқындар ұзындығының диапазондарына әсер етуге негізделген - “атмосфералық терезе” арқылы жылу атмосферадан тікелей ғарышқа кетуі мүмкін. Арнайы құрам шашырағаннан кейін өсімдіктер мен топыраққа энергияны дәл осы учаскелер арқылы тиімді бөлуге көмектеседі. Аталмыш компанияның мәліметінше, тіпті, 42 градусқа дейінгі ыстық кезінде де бірегей технология өсімдік температурасын 6-7 градусқа төмендетуге мүмкіндік береді. Фермерлер үшін бұл ерекше маңызды, өйткені, әрбір қосымша градус жылу өнімділікті айтарлықтай азайтуы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан ғалымдарың айтуынша, айрықша жүйе астықты қорғап қана қоймай, сонымен қатар, жаһандық жылумен күресуге көмектеседі. Стартап жұмысының тағы бір бағыты тозған топырақты қалпына келтірумен байланысты. Бұл мақсатта жер бетінің биологиялық қорғаныш қабатының қалыптасуын жеделдететін цианобактериялар пайдаланылады. Мұндай қабат ылғалды ұстап тұруға көмектеседі, эрозияны азайтады және өрттен немесе ұзақ құрғақшылықтан кейін топырақты қалпына келтіруге септігін тигізеді. Әдетте табиғатта мұндай учаскелерді қалпына келтіру үшін жылдар қажет болса, жаңа технология бұл мерзімді бірнеше айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Ерекше жобаның фермерлерге тигізетін басты пайдасы - экология ғана емес, экономикалық тиімділігінде де жатыр. Стартап негізін қалаушылардың бірі, Құдыстағы Еврей университетінің профессоры Одед Шосейов дәл осы технология бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылығы планетаны нақты салқындатудың кілті бола алатынын мәлімдеді.