Қабырғаның арғы жағынан «көре» алатын әрі жасырулы затты таба алатын робот құрастырылды (видео)
Қабырғаның арғы жағынан «көре» алатын әрі жасырулы затты таба алатын робот құрастырылды (видео)
5 күн бұрын 711 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары роботтарға миллиметрлік диапазондағы сигналдарды пайдалана отырып, мөлдір емес кедергілердің артындағы нысандарды тануға пішіні мен орналасқан жерін табуға мүмкіндік беретін Wi-Fi сияқты ммNorm жүйесін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы mit.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей технология күрделі үш өлшемді объектілерді қайта жаңартуда 96% дәлдікке жеткен. Айрықша жүйе қойма логистикасы, сапаны бақылау және өнеркәсіптік робототехника үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. mmNorm жүйесімен жабдықталған роботтар қораптардың ішіндегісін немесе қаптаманың астындағы зақымдалған тұсты анықтай алады және құрал-жабдыққа арналған жәшіктерден қажетті аспаптарды дәл таба алады. Радиолокациялық әдістерден mmNorm негізгі айырмашылығы - радиотолқындардың айналық қасиетін пайдалану. Шоғырлардың орналасқан жерін қарапайым әдіспен анықтаудың орнына зерттеушілер кеңістіктің әрбір нүктесіндегі үстіңгі қабаттың бағытын (surface normal) бағалауды үйренді. Бұл өз кезегінде ерекше жүйеге жасырын нысандардың қисығы мен пішінін теңдессіз дәлдікпен қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жүйе былайша жұмыс істейді: роботталған қолға бекітілген радар заттың маңынан шағылысқан сигналдарды тіркейді. Ең күшті жауап антеннаға тікелей бағытталған учаскелерден, әлсіз жауап - ауытқыған учаскелерден келеді. Көптеген антенналар беттерді анықтайды, ал алгоритм барлық деректерді үш өлшемді моделге жинайды. Ғалымдар mmNorm жүйесін асханадағы ыдыс-аяқтан бастап, электрлі бұйымдарға дейін 60-тан аса нысанда тексеріп, сынап көрді: технология бір емес, бірнеше затты бір мезгілде анықтауға қабілетті болып шықты. Мейлі ол ағаштан, пластиктен, резеңкеден, шыныдан, тіпті, темірден жасалса да тауып, танып, орнадасқан орнын анықтаған. Бір кемшілігі бар – беткі жағы металдан жасалғани және қалың қабырғадан олардың арғы жағында не барын аныұтай алмаған. Дегенме, пластиктен, ағаштан, фанерден, гипсокартоннан «өтіп», қажетті затты танып, тауып бере алады. mmNorm жүйесі, сондай-ақ, толықтырылған шынайы гарнитураларында қолданылуы мүмкін - мысалы, құрылыстағы жасырын коммуникацияларды көрсету үшін. Әуежайларда олқапталған немесе оралған жүктерді бақылауды жақсарта алады, ал әскери салада - техниканың немесе қарудың жасырынған жерлердегі жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Бірегей жүйенің маңызды артықшылығы - қосымша өткізу жолағының қажеттілігінің болмауы: mmNorm бұрыннан бар диапазондарда жұмыс істейді және инфрақұрылымды түрлендіруді немесе аталмыш технология үшін ыңғайлы етуді қажет етпейді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3