|
Қан қысымының жоғарылуына қарсы екпе жасалды
|
Ұлыбританиялық ғалымдар қан қысымы жоғары миллиондаған науқасты емдеудің әдісін түбегейлі өзгертетін клиникалық зерттеудің нәтижесін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы JAMA мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жарты жылда бір қолданылатын дәрі әдеттегі ем қонбайтын гипертония дертінен зардап шегетін пациентке тиімді әсер еткен. KARDIA-2 халықаралық зерттеуде зилебесиран дәрісін 663 ересек пациентке беріп, әсерін тексеріп көрген екен. Тиімділігі ғалымдардың өздері күткен нәтижеден де жоғары болды: зилебесиран қабылдаған пациенттерде стандартты терапия қолданылған тобына қарағанда қан қысымы тұрақты түрде төмендеген. Зилебесиран дәрісінде РНК-интерференциясының озық технологиясы пайдаланылды. Аталмыш дәрі гендік деңгейде бауырда қан тамырларының тарылу процесінде негізгі рөл атқаратын ангиотензиноген ақуызының пайда болуына жол бермейді. Аталған ақуыз деңгейінің төмендеуі қан тамырларының босаңсуына мүмкіндік береді, ал бұл қысымның тұрақты төмендеуіне әкеледі. Бұған қоса, бұл дәрі жүрек-қан тамыр ауруларынан зардап шегетін науқастарға да тиімді. Соның ішінде инфаркт пен инсульттің алдын алуға көмектеседі.