Қанның қатерлі ісігіне қарсы аса тиімді ем-дом табылды
Қанның қатерлі ісігіне қарсы аса тиімді ем-дом табылды
5 ай бұрын 628 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары гендік терапия саласында аса елеулі жетістікке қол жеткізді. Бұл арада бір емес, бірнеше ауруды емдеуе келетін технология турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл жетістік бойынша қанның қатерлі ісігі, демікпе және аутоиммундық ауруларды емдеуге болады. Соның ішінде Қытайдың Ухан қаласында орын тепкен Түнжи медициналық колледжіне қарасты Union Hospital емханасы жанындағы институты ғалымдары пациент организімінің ішінде обырға қарсы жасушаларды қалыптастырудың бірегей әдісін тапқан. Бұл ерекше технологияның негізінде обырды емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі ретінде белгілі CAR-T жасушалық терапиясының жетілдірілген түрі жатыр. Алайда, әдеттегі әдістерден айырмашылығы - жаңа әдіс қымбат және көп еңбекті қажет ететін зертханалық кезеңдерді қажет етпейді, арза жасауға мүмкіндік береді - жасушалар тікелей науқастың ағзасында гендік инженерия арқылы бағдарламаланады.

0 пікір
Мұрағат