|
Қимыл-қозғалысқа үйретуге болатын ақылды материал жасалды (видео)
|
Ғалымдар электроникасыз жұмыс істейтін жадысы бар, логикаға сүйенетін, үйренуге қабілетті және қозғала алатын ерекше материал ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Эйндховен техникалық университетінде жады мен логикасы бар сұйық кристалды полимердің (ТКП) негізінде оқытылатын жұмсақ материал ойлап тауып, одан қол тәрізді құрылғы жасап, оны қытай ұлтына тән ым-ишараларға үйретті. «Зерделі» материалға жарық сезгіш азобензол қосылды. Нәтижесінде ол қызудан және ультракүлгін сәуледен пішінін өзгерту және оны есте сақтау қабілетіне ие болды. Ақылды субстанцияны импульс арқылы басқаруға болады, десе де ол з бетінше өткізу қабілетін өзгерте алады, соның арқасында ол ауыстырып қосқыш қызметін атқарады.
Басқа зерттеуде авторлар одан ары тереңдеп, ақылды материалдан жасалған, бірнеше мәрте “шапалақтайтын” элементтерді сол материалдан жасалған түйістіргіштермен біріктіріп, олардың қозғалыстары біртіндеп үндестірілді: қозғалыс пен күш-жігерді икемді қосылыстар арқылы бір-біріне береді. Бір компонент қозғалысқа түскенде, ол оны келесісіне береді. Осылайша дәнекерсіз және орталықтандырылған басқару жүйесінсіз үйлестірілген қозғалыс туындайды. Үйлесімділік өздігінен пайда болады, өйткені, материалдар бір-біріне тікелей әсер етеді. Бұл принцип дербес жұмсақ роботтар мен өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетті материалдарды әзірлеуге көмектеседі", - деді осы зерттеуге атсалысқан инженер-материалтанушы Дансин Лю.
Бұл тараптағы зерттеулер химия мен материалтанудан бастап электроника мен робототехникаға дейінгі пәндердің кең ауқымын қамтиды. Ғалымдар виртуалды және нақты дүниелердің тоғысқан жерінде өнертабыстың қалай қолданылатынын көрсетті.