Қытай ғалымдарының ерен ерлігі: митохондрияны орнынан қозғап, жасушаны ішінен емдеу әдісін тапты
Қытай ғалымдарының ерен ерлігі: митохондрияны орнынан қозғап, жасушаны ішінен емдеу әдісін тапты
1 сағат бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары ғылымда орасан зор төңкеріс жасады: емі жоқ Паркинсон, Альцгеймер және өзге де тұқым қуалайтын, сирек кездесетін генетикалық, туабітті аурулар секілді түрлі сырқаттармен байланысты митохондриялық ақауларға қатысты дерттерді емдеудің жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы english.news.cn сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғылым академиясына қарасты Гуанжон биомедицина және денсаулық сақтау институтының ғалымдары Гуанжон медициналық университетінің ғалымдарымен бірігіп, тиімділігі жоғары әрі мейлінше қауіпсіз жолмен жасушалар мен тіндерге сау митохондрияны жеткізудің инновациялық тәсілін әзірледі. Оқырманға кеңінен түсінікті болу үшін митохондрияның не екеніне және оның маңызына аз-кем тоқтала кетпекпіз: митохондрия, бейнелеп айтқанда, жасушаның “энергия стансасы” — организмге түскен қоректік заттарды тіршілік үшін энергияға айналдыратын әрі зат алмасу (метаболизм), жасушаның тозу процесінде маңызды рөл ойнайтын “ағза ішіндегі ағза”. Бұл органелланың ерекшелігі сонда – өзінің гені бар. Митохондриялық ДНҚ-да мутация орын алса, ауыр дертке шалдықтырады. Бүгінгі таңдағы статистикалық дерекке қарағанда, осындай аурудан әрбір бес мың адамның ішінде біреуі зардап шегеді. Күллі әлем бойынша. Соның ішінде нейродегенеративті және метаболикалық ауытқуға ұшырағандар да кіреді. Мұндай аурулардың емі табылған емес, дәрігерлер мен дәзһрілік заттар тек симптомтарын басуға ғана жарайды, ал жасуша деңгейінде ақауды түзетуге қауқарсыз болып келген еді. Жаңа әдіс эритроциттерден алынған мембраналық везикуланы митохондрияны инкапсуляциялау (қаптау деп түсініңіз) үшін «капсула» ретінде пайдаланады. Капсулалардың диаметрі мың миллиметрді құрайды. Олар органеллаларды қорғап қана қоймай, митохондриялық жүйеге сәтті кірігіп, жасушаның қорғанысын еңсеруге көмектеседі. Жаңа әдістің тиімділігі едәуір жоғары болып шықты: емдеуге алынған жасушалардың 80% -ға жуығы жаңа митохондрияларды қабылдаған. Осылайша ақау шалған жасушалардың энергетикалық өнімділігі қалпына келген. Бұл бағыттағы зертханалық ауру тышқандарға жасалған тәжірибе оң нәтиже көрсеткен. Жаңа тәсіл органелланы “тірі дәріә ретінде пайдалануға жол ашады. Бұл бірегей ем-дом нейродегенеративті аурулар, сирек кездесетін генетикалық синдромдар үшін қолданылатын болады. Жарақаттан немесе кәріліктен зақымдалған тіндерді қалпына келтіруге көмектеседі. Осылайша регенеративті (қалпына келтіру) медицинада даңғыл жол пайда болды.

0 пікір
Мұрағат