Қытай мұнайға қажеттілікті жоятын, энергетика нарығында төңкеріс жасайтын реакторды іске қосады
Қытай мұнайға қажеттілікті жоятын, энергетика нарығында төңкеріс жасайтын реакторды іске қосады
2 ай бұрын 771 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай энегрия өндірудің тың тәсіліне жүгініп, «Жанатын плазманың тәжірибеге арналған, өткізу қабілеті аса жоғары токамагы» (BEST) деп аталатын термоядролық реакторды 2027 жылы іске қосатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы Securitylab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер жоба сәтті шықса, адамзат күннен тегін энергияны қалай алады, сондай процесс негізіндегі термоядролық энергияны игерудің маңызды кезеңіне аяқ басады. Әдеттегі энергия көздеріне қарағанда термоядролық синтез көмір немесе мұнай секілді қазбалы отын түрлерін қажет  етпейді. Климат дағдарысына себеп болған зиянды қалдықтармен немесе зардабы мен салдары мыңдаған жылдарға созылатын қауіпті радиоактивті заттармен қоршаған ортаны ластамайды. Жерде шектен тыс қоры бар, тіршілікке қауіпсіз сутегін пайдаланатын мұндай энергия арзанға түседі әрі жаңғыртпалы энергия көзіне жатады. Осы орайда 2022 жылы Америка құрама штаттары тарихта алғаш рет термоядролық реакциядан іске қосу шығынынан артық энергия алғанын айта кетпекпіз.

 

0 пікір
Мұрағат