Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
2 сағат бұрын 33 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Цианобактериялар негізіндегі биологиялық қыртыс бұрын жеміс бермейтін шағыл құмды шаруашылыққа пайдалануға жарамды етеді. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мсәлім етеді. Қытайда цианобактериялар негізінде ауқымды геоинженерлік жоба іске қосылды. Мақсаты - жеміс бермейтін шағыл құмды тұрақты, пайдалануға жарамды жерлерге айналдыру. Миллиардтаған жылдар бойы жер бетінен жоғалмаған цианобактериялар - мұхиттан топыраққа дейінгі барлық дерлік ортада кездесетін фотосинтездеуші микроорганизмдер. «Биологиялық қыртыстың» инновациялық технологиясы Қытай ғылым академиясының (CAS) құрамына кіретін Шапотоу шөлдерін зерттеу жөніндегі тәжірибелік зерттеу стансасында әзірленді. Сағатына 36 шақырым жылдамдыққа дейін желге төзімді цианобактериялар негізіндегі бұл қабық келесі бес жыл ішінде 6667 гектар жерді қалпына келтіруге арналған. Бұл арзан әрі тиімді технология шөлейттенуге қарсы күресте аса тегеурінде әдіс бола алады. Құнары жоқ қу тақырды жазираға айналдыра алатын «экологиялық теріні» әзірлеу үшін 300-ден астам түрден цианобактериялардың жеті негізгі штаммы (қоздырғыштары) іріктелді. Оларды қоректік заттарға бай органикалық заттармен араластырып, алты бұрышты пішінге құйды. Алынған «тұқымдар» - шөлде аман қалуға және белсенді өсуге арналған тасымалданатын блоктар ретінде алға шығады. Құрғақшылық жайлаған жерлерге таралғаннан кейін бұл блоктар өзінің оңтайлы сәтін, яғни, жауын жауатын мезетті күтеді. Жаңбыр жауа бастағаннан кейін олар құмды «серпімді қорғаныс қабығына» байланыстыра бастайды. Табиғи жағдайларда тұрақты шөл қыртысын қалыптастыру үшін 5 жылдан 10 жылға дейін уақыт кетеді. Құрғақшылыққа төзімді балдырларды пайдаланатын жаңа технология бұл уақытты бір жылға дейін қысқартады. Бірегей жоба - Қытайдың шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі «Ұлы Жасыл Қабырға» бағдарламасының бір бөлігі. Ол  ағаш отырғызу секілді машақаты көп әдеттегі әдіске қарағанда шөлейттенудің бастапқы себептерін: құмның көшуін тоқтатуға немесе жоюға бағытталған.

0 пікір
Мұрағат