Қытайлар жарықты сақтау технологиясы бойынша рекорд орнатты
Қытайлар жарықты сақтау технологиясы бойынша рекорд орнатты
5 ай бұрын 1121 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бейжің ғалымдары жарық сигналдарын дыбысқа айналдырудың жолын тауып, болашақта квантты технология үшін ақпаратты ұзақ уақыт сақтау технологиясын дамытуға бастайтын маңызды жаңалық ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communication халықаралық мерзімді басылымына сілтеме жамсай отырып мәлім етеді. Бейжіңдегі квантты ақпараттық ғылым академиясының (BAQIS) ғалымдары жарықты сақтау саласында рекорд орнатты — 4035 секунд. "Жарықты сақтау әрдайым күрделі, қиын міндет болатын. Фотондар, жарық бөлшектері өте жоғары жылдамдықпен қозғалатындықтан оларды аулап сақтауды қиындатады ", - деп түсіндірді аталмыш зерттеуге атсалысқан BAQIS кіші ғылыми қызметкері Лиу Йулын. Бұл мәселені шешу үшін ғалымдар баяу және оңай сақталатын дыбыс сигналдарына жүгінді. Жарықты тиімді «ұстап», жарық сигналдарын дыбыстық сигналдарға айналдыруға қабілетті ортаны іздеу осы зерттеудің маңызды кезеңі болды. "Фотондарды жоғары жылдамдықпен қозғалатын кішкентай шарлар сияқты елестетіңіз. Олар жұқа пленкамен соқтығысқанда, амплитуда, жиілік және басқа да ақпарат жарықтан дыбыс сигналдарына айналады. Осы дыбыстық сигналдарды пленкада сақтай отырып, біз жарықты сақтауға қол жеткіземіз ", - деді Ли Тиефу есімді BAQIS ғалымы. Жарықты сақтауға қатысты бұрынғы зерттеулерде металл алюминиі және кремний нитриді сияқты материалдар пайдаланылды. Алайда, материалдың ішіндегі шығындарға байланысты бұл пленкалар дірілді тек өте қысқа уақытқа ғана ұстап тұра алатын еді - ақпараттың сақталу уақыты бір секундқа де жетпеді. Осыдан соң ғалымдары басқа материалдарды сынап көрген екен. Бұл тарапта түрлі материалды мұқият тестілеуден кейін зерттеушілер кремнидің кристалды карбидінен жасалған пленкаларды таңдады. Ішкі құрылымының тұрақтылығы жоғары материал жиіліктің ерекше тұрақтылығын қамтамасыз етіп қоймай, ішкі ысырапты мейлінше азайтқан. Бұл қасиеттер сақтаудың ұзақтығына қол жеткізуге мүмкіндік берген - 4035 секунд. Кремний карбидінен жасалған пленканың маңызды артықшылығы – тіпті, өте төмен температурада да жарықты ұстап тұру тиімділігін жоғалтпайды. Бұл ерекшелігі оны квантты компьютерлерде пайдалануға жарамды етпек.

Тәжірибелік қондырғы сызбасы. Сурет: Ulong Liu et al., Nature Communications

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3