|
Қызанақтың жаңа сорты: дәмі бал татиды
|
Америкалық Burpee селекциялық компаниясы қызанақтың жаңа сортын шығарды. Бұл жеміске тән белгілер: түсі сарғыш тартып тұрады, тура мағынасында дәмі бал татиды. Яғни, құрамында қант деңгейі жоғары келеді. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Honeycomb Hybrid» деп аталатын аталмыш сорт 75-80 күнде піседі. Ол кез келген климатқа жерсінеді. Ерекше күтімді қажет етпейді. Бұл қызанақ гибридін черри деп аталатын қызанақ түрінен шығарған. Қызанақтың жаңа сорты туралы бар ақпарат әзірге осындай.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)