Америкалық ғалымдар құрамында аспарагин амин қышқылы аз өнімдер кеудедегі ісік ауруының қаупін басады деген қорытынды шығарды. Мамандардың материалы Nature журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
|
Ракты емдеудің оңай жолы табылды
|
Зерттеушілер сараптамаға гормональды терапияны қабылдай алмайтын тышқандардың сүт безіндегі ісікті пайдаланды. Рактың бұл түрі үш есе нетагивті ісік деп аталады. Мұндай ракты емдеу үшін комбинациялы терапия қолданылады.
Алғашқы кездегі рактың клеткаларындағы аспарагин синтетазасы ферментінің белсенділігі ісік клеткаларын басқа тіндерге және органдарға таратып, метастаздың түзілуіне әкеп соғатын болып шықты. Сондықтан ферменттің жұмысын дәрілермен басып, диета ұстаса, ісіктің басқа жерлерден шығуының алдын алады.
Сол себепті аспарагиннің көп мөлшері кездесетін сүт өнімдерін, сиыр, құс етін, жұмыртқаны, балықты, теңіз өнімдерін, картоп, жаңғақ, сояны аз мөлшерде тұтыну керек. Аталған амин қышқылы жемістер мен көкөністерде аз мөлшерде болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)