Робот өзінің қуаты таусылып бара жатқан батареясын өзі ауыстыруды үйреніп, тоқтаусыз жұмыс істейтін деңгейге жетті (видео)
Робот өзінің қуаты таусылып бара жатқан батареясын өзі ауыстыруды үйреніп, тоқтаусыз жұмыс істейтін деңгейге жетті (видео)
5 ай бұрын 917 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың UBTech Robotics компаниясының Walker S2 деп аталатын адам тәрізді роботы ешкімнің көмегінсіз, яғни, өз бетінше аккумуляторын ауыстырып, тоқтаусыз жұмыс істей алады. Бұл робот қазірдің өзінде аса ірі Nio, BYD және Zeekr секілді автоқұрастырушы алпауыттар тарапынан сұранысқа ие болып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей құрылғының артықшылығы немесе ерекшелігі – тәулік бойы тоқтамай жұмыс істей алады. Батареялардың біреуі қуат беріп тұрғанда робот екіншісін өзі ауыстыра алады. Айрықша жүйе алдағы міндеттердің кезегіне қарай әрекет етеді: егер робот ұзақ уақыт алатын істі бітіруі керек болса, ол алдымен батареяны ауыстырып алады; егер жұмыста үзіліс болса - желіден зарядталады. Мұндай тетік, әзірлеушілердің айтуынша, толық дербестікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл робот шығынды азайтып, тиімділікті арттырады - бір ауысымда жұмыс істейтін үш қызметкерді бірден алмастыра алады.

 

0 пікір
Мұрағат