Шәует пен аналық жасушаның кілт пен құлып секілді жалғанатын тетігі анықталды
Шәует пен аналық жасушаның кілт пен құлып секілді жалғанатын тетігі анықталды
20 күн бұрын 596 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шәует пен аналық жасушаның біріктіретін тетік ұзақ уақыт бойы жұмбақ күйінде қалып келген еді. Бұл жайында islam.kz порталы Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австрия ғалымдарының бұл бағыттағы жаңа зерттеуі ұрықтану процесінің балықтан бастап адамға дейін барлық тіршілік иелерінде кілт пен құлып секілді жұмыс істейтінін анықап берді. Австрияның молекулалы патология ұлтттық-ғылыми институтының ғалымдары адам мен данио балығының және тышқанның жасушаларына жүргізген тәжірибе нәтижесі ұрықтану процесінің эволюцияның миллиондаған жыл бойы бір өзгермегенін көрсеткен. Ғалымдар анықтағандай, сперматозоидтегі үш ақуыз аналық жасушаға жол ашып, сперматозоидке орнығуға мүмкіндік беретін кілтті қалыптастырады. Ғалымдар  сперматозоидтің беткі жағында және аналық жасушаның мембранасында кездесетін екі ақуыздың барын бұрыннан білетін. Ал мына зерттеуде ғалымдар Google DeepMind компаниясының AlphaFold жасанды зерде құралын пайдаланып, жаңа ақуызды тапқан. Бұған қоса, бұл ақуыздың организмде қандай қызмет атқаратынын да білген: сперматозоидтың аналық жасушаға орнығуы үшін алғашқы байланысқа жауапты болып шыққан. Бұл жаңалық белсіздік пен бедеуліктің себептерін тереңірек білуге әрі ерлерге жаңа контрацептіні әзірлеуге көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат