|
Швейцарлар хат тасушы дрон жасады
|
Швейцариялық пошташылар хаттарды жеткізу үшін дрондарды қолданбақ.
Хатты әуемен жеткізетін дронның атауы — "One". Бұл техника 1 килограммға дейінгі жүкті көтеріп, оны бір нүктеден екінші нүктеге дәл жеткізе алады. Аппарат бір қуатталғаннан соң 10 километрге дейін ұша алады екен. Ал оның әуеде жүретін жолы алдын ала белгіленіп қояды. Бұл оның ешнәрсеге кедергі келтірмеуі үшін жасалған.
"One" дронын негізінен медицинада қолдану тиімді. Мысалы, зертханалық сараптамаларды жеткізу үшін оның пайдасы зор екен. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтпақшы, "айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын" заманда "хат" алмасу оңай болмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады