Шыны тыңайтқыш топырақты экологияға зиян келтірмей өте жақсы байытады
Шыны тыңайтқыш топырақты экологияға зиян келтірмей өте жақсы байытады
4 ай бұрын 958 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сан-Паулу университетінің Хосе Ермесон да Силуа Суарез есімді ғалымы бастаған команда шыны негізіндегі тыңайтқыштардың жаңа түрін сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы  American Chemical Society дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық тыңайтқыш саласында төңкеріс жасауы мүмкін, өйткені, ол шыны қалдықтарын кәдеге жаратуға және химикаттардың егістік жерлерге тигізер әсерін реттеуге мүмкіндік береді. Тыңайтқыштардың өздері өзгермейді - оның орнына ғалымдар олардың формасымен жұмыс істейді. Бүгінгі таңда әлемнің баарлық түкпіріндегі топырақ ауыл шаруашылығынан, соның ішінде тыңайтқыштан тозып, құнарынан айырылған. Қажетті астықты алу үшін тонналап тыңайтқыш пайдалануға тура келеді. Ең қиыны сонда – тыңайтқышты өсімдіктің тамыр жүйесіне жеткізуде. Сұйық күйінде тыңайтқыш тез буланады, ал қатты күйінде жерасты суымен және жауын-шашыннан шайылып кетеді. Осы олқылықты ескерген бразилиялық ғалымдар жаңа форматты ұсынып отыр – шыны тәрізді массадан капсуладағы еритін тыңайтқышты пайдалануды ұйғарып отыр: шыныны дайындау кезінде оған фосфор, калий және кальций сияқты пайдалы заттар қосылады. Алынған субстанция ылғалдың әсерінен баяу ериді, есесіне механикалық әсерлерге төзімді келеді. Ары қарай - шыныны көлденеңнен 0,85-2 мм бөлшектерге ұсақтап, топырақпен араластыру ғана қалады.Бұл бағытта жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, әдееттегі тыңайтқышқа қарағанда шыны қолданылған алқаптардағы өсімдіктердің биомассасы 70%-ға артқан. Кері әсері байқалмады. Шыны өсімдіктің өсу процесінде ыдырап, топыраққы сіңіп кетті.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3