Соқырдың көру қабілетін қайтаратын иньекция пайда болды
Соқырдың көру қабілетін қайтаратын иньекция пайда болды
1 ай бұрын 619 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар тек соқырлықты емдеп қана қоймай, сонымен қатар, жасушалар үшін «кері санау» уақытын іске қосады. Аталмыш ем-дом көру жүйке талшықтарын қайтарып қоймай, тұтас организмнің қартаю процесін баяулатады немесе тежейді. Бұл жайында islam.kz порталы Time мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада әлемге әйгілі Гарвард университетінің ғалымдарының жаңа гендік терапиясы әрі неартериитті алдыңғы исхемиялық оптикалық нейропатия (NAION) деп аталатын көз ауруы турасында сөз болып отыр. Бұл дерт кенеттен пайда болады, көз жүйкесінің қан айналымы бұзылғанда. Нәтижесінде адам бір көзінің көру қабілетін жоғалтады, артынша екінші көзі де көруден қалады. Аталмыш аурудың әлі күнге дейін емі табылмаған. Дегенмен, Гарвард медицина мектебінің ғалымдары ерекше тәсілді сынап көруді ұйғарған: олар науқастардың көздеріне арнайы гендер енгізеді, ал бұл ген көру жүйкесінің жасушаларын «қайта бағдарламалайды», осылайша оларды жас, сау күйіне қайтарады. Бұл әдіс Нобел сыйлығының лауреаты Сини Йаманакидің жаңалығына негізделген — ол «есейген» жасушалардың белгілі бір гендердің әсерінен іс жүзінде жетіле алмайтынын дәлелдеді. Егер бұл бағыттағы тәжірибе оң нәтиже берсе, мұндай әдіс қартаю процесімен байланысты глаукома, деменция (алжу), артрит және жүрек ауруларын емдеуде пайдаланылады. Ғалымдар өздерінің бұл тәсілін «кәріліктің ақпараттық теориясы» деп атап отыр. Олардың айтуынша, кәрілік – организмнің тозуынан ғана тұрмайды, гендер мен эасушалардың ақаулар мен ауытқулар нәтижесінде пайда болмақ. Міне, гендер мен жасушалардың осындай олқылықтарды орнынн толтыруға болады. Сол арқылы кәрілікпен күрестің тиімділігін арттыруға да болады. Қазіргі уақытта гарвардтық ғалымдар бұл емнің қолайлы нұсқаларын іздестіруде, дәлірегі, иньекцияның орнына дәріні пайдалану жағы қарастырылуда.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6