|
Созған сайын кішірейетін материал жасалды (видео)
|
Резинаны созған сайын ұзаарады. Ал жаңа материал керісінше – созған сайын қысқарады. Бұл жайында islam.kz порталы PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нидерланды физиктері ойлап тапқан созылу кезінде ішке «құлайтын» конструкция болашақта ақылды құрылғыларда немесе ғимараттарды жер сілкінісінен қорғау үшін қолданылуы мүмкін. Ғалымдар «кері құлдырау» деп аталатын бұл тетікті роботтардың ерекше түріндегі бөлшектерді дәл орналастырудың жаңа жүйесімен жұмыс істеу кезінде анықтаған. Нилерландтық ғалымдар кішігірім қарапайым компоненттерден бастап, олардың барлығын ерекше әдіспен біріктірді. Нәтижесінде таңғажайып қасиеті бар құрылым пайда болды: созылған кезде ол созылмайды, ішке жаншылады немесе қысылады. «Механикалық жүйелердің біздің интуициямызға қарсы әрекет ете алатынын көрсетеміз», - деп мәлімдеді Лейден университетінің Мартин ван Хеке есімді профессоры өзгеше жаңалыққа қатысты.
«Құлап қалатын» механизмдер табиғатта көптеп кездеседі - мәселен, венерина шыбын тұтқышы оған жәндік отырғанда жабылады. Адамдар да жиналмалы шатырлар немесе шаппа-білезіктер сияқты конструкциялар жасайды. Ал «кері құлдырау» құбылысы бірқатар ақылды және бейімделген технологияларға жол ашады. Соның ішінде:
• Моторсыз жұмсақ роботтар: кері қайтпай алға қарай қозғалатын роботты елестетіңіз - бұл, мысалы, дененің ішінде қозғалатын медициналық роботтар үшін пайдалы. Кері құлау феномені қайтару-түсу қозғалысын бір бағытты қозғалысқа айналдыра алады.
• Реттелетін қаттылығы бар ақылды материалдар: жүру кезінде икемді болғанымен кенет қозғалған кезінде бірден қатаятын экзосүлдеелер немесе протездер.
• Діріл демпферлері: электроникасыз тербелісті өздігінен сөндіретін құрылымдар. Бұл ұшақтарда, жел турбиналарында немесе сейсмикалық қауіпті аймақтардағы ғимараттарда қажет болуы мүмкін
Мұндай технология түбінде өзін компьютер секілді ұстайтын материалдыңң пайда болуына жол ашуы ықтимал.