Стрестің санаулы минут ішінде қан құрамын өзгертетіні анықталды
Стрестің санаулы минут ішінде қан құрамын өзгертетіні анықталды
1 сағат бұрын 48 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жіті немесе ауыр тиетін психологиялық стресс бірнеше минуттың ішінде қан ұйындыларының құрылымын және қан ұйыту жүйесінің қызметін өзгерте алады. Бұл жайында islam.kz порталы The Journal of Physiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тәжірибеге 18-30 жас аралығындағы сегіз дені сау ер адам қатысты. Олардың әрқайсысы аптасына екі рет зертханалық тексеруден өтті: бір сеанс кезінде тәжірибеге қатысушылар алаңсыз демалды, екіншісі кезінде стресс-тестен өтті. Оларға импровизацияланған (ойдан шығарылған) сөзді дайындауға бес минут уақыт берілді, содан кейін сарапшылар тобы мен камераның алдында сөз сөйлеуді, ал кейін ауызша есеп бойынша күрделі тапсырманы орындауды сұрады. Қан үлгілері әрбір сынаққа дейін және одан кейін алынған. Стресс-тесттен кейін ғалымдар тотықтырғыш стрестің күшеюінің белгілерін анықтады - қандағы еркін радикалдар деңгейі көтерілді. Бір мезгілде ұйындылардың микроскопиялық құрылымы өзгерді: қандағы фибриндік желілер (ақуыздық «қаңқалар») іріленіп тығыздалса, ал ұйындылардың өздері тығыз тартқан. Бұдан басқа, қан ұюының ішкі жолының жұмысына байланысты көрсеткіш - ішінара тромбопластиннің жандану уақыты қысқарды. Бұл ретте ғалымдар қанның жалпы тұтқырлығын және оның сұйық бөлігінің тығыздығын тапқан жоқ. Бұл күйзеліс қанның жалпы «тығыздалуына» алып келеді деген болжамды растамайды. Зерттеушілер табылған өзгерістер психологиялық шиеленіске жауап ретінде пайда болатын тотықтырғыш стресске байланысты болуы мүмкін, деп болжайды. Осыған байланысты әдеттегі қысқа мерзімді күйзелістің тікелей инфарктке немесе инсультке ұрындырмайтынын айта кетеміз. Бұл бағыттағы зерттеу жалғастырлады. 

0 пікір
Мұрағат