|
Суқараңғы соқыр болып қалған науқастың көру қабілетін ішінара қалпына келтіретін тетік табылды
|
Тәжірибеге арналған гендік ем-дом тұқым қуалайтын ауыр соқырлық дерті бар зағиптердің көру қабілетін ішінара қалпына келтіруге көмектесті. Бұл жайында islam.kz порталы New England Journal of Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кейбір пациенттер емделгеннен кейін жарықты жақсы ажыратып, заттардың орналасқан орнын анықтай алды. Бұл бағыттағы бірегей зерттеуге жарықты қабылдауға жауап беретін тор көздің жасушалары біртіндеп зақымдалатын, тұқым қуалайтын пигментті ретинитпен ауыратын, суқараңғы соқыр болып қалған 10 науқас қатысты. Ғалымдар пациенттердің көзіне арнайы генді енгізді, соның арқасында тордың сақталған жасушалары жарыққа сезімтал тартқан. Ол үшін оптогенетика әдісі қолданылды. Процедурадан кейін қатысушылар камерасы бар арнайы көзілдірік киді, ал мұндай құрал төңіректегі бейнелерді процедурадан кейін өзгеріске ұшыраған торлар қабылдайтын жарық сигналдарына айналдырды. Мидың белсенділігін зерттеу нәтижесі де көру арқылы алынған ақпараттың көру қабығына келіп түскенін және онымен өңделгенін көрсетті. Осылайша ұзақ уақыт көру қабілетінен айырылған адам миының жаңа көру сигналдарын қабылдай алатынын қабілетін жоғалтпайтыны анықталды.