Тісті емдейтін нанороботтар жасалды
Тісті емдейтін нанороботтар жасалды
1 сағат бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл бағыттағы сынақ нәтижесі бар-жоғы 20 минутта нанобөлшектердің тісте аса берік қорғаныс қабатын түзетінін көрсетті. Осылайша ауырсыну мен тістің қақсауын төмендеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Science ғылыми мерзімді басылымға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіс - қатты болғанымен аса сезімтал ағза. Ем-дом кезінде тістің осы қасиеті көп кедергі тудырады. Тіпті, жай салқын судың өзінен немесе ыстық шайдан, тәттіден жан шыдатпайтын ауырсыну болып жатады. Өйткені, тіс эмалінің астыңғы жағында титтей түтікшелер тәрізді арналарды қамтитын дентин қабаты орналасқан. Эмал зақымдалғанда тіс жүйкесін тітіркендіретін сыртқы фактордан адамның тісі қақсайды. Дентиндегі арналар ішіндегі сұйықтық орын алмастырғанда адам жан төзгісіз ауырсынуды сезінеді. Бүгінде сезімтал тістерге арналған арнайы тіс пасталары бар. Олар уақытша көмектеседі, оның өзінде үстірт - тек симптомын басады, басты проблеманы шешпейді - ашық арналар сол күйі осал болып қала береді. Осы олқылықты ескерген Үндістан ғылым институтының (CeNSE) Наноғылым және инженерия орталығының білікті мамандары тың тәсіл - CalBot нанороботтарын әзірледі. Атауына қарамастан, әрбір «робот» ені небәрі 400 нанометр темір оксидінің магниттік нанобөлшегішіненн тұрады (бұл адам шашының қалыңдығынан шамамен 200 есе кем). Бөлшек тіндерді қалпына келтіру үшін стоматологияда пайдаланылатын қауіпсіз зат - кальций силикаты негізіндегі биокерамикалық материалмен қапталған. CalBots тіс бетіне салынғанда, сыртқы магниттік өріс оларды арналарға бағыттайды. Нанобөлшектер 300-ден 500 микрометрге дейінгі тереңдікке енетін цемент тәрізді тығындарды қалыптастырады. Бұл тығындар жасанды эмал сияқты әрекет етеді - олар арналарды жабады және жүйке ұштарына тітіркендіргіш заттардың енуіне жол бермейді. Бұл бағыттағы сынақ медициналық көрсеткіштер бойынша, яғни, зақымдалғандықтан жұлынған тістерден басталды. Ғалымдардың айтуынша, CalBots магниттік өрісінің әсері 20 минуттың ішінде арналарды арнайы материалмен толтырған әрі берік «бітеген”. Бұл тығындар тістегі жұқа түтікшелерді жабады, тітіркендіргіш заттардың жүйкеге кіруін тоқтатады және сол арқылы ауырсынуды жояды.

 

0 пікір
Мұрағат