Туабітті керең адамның есту қабілетін қалпына келтірудің долы табылды
|

Гендік терапия туабітті саңыраудың есту қабілетін қалпына келтірді. Ем-дом әсерінен көп ұзамай есту қабілетіне ие болған пациент. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кемтарлықтан зардап шекке пациентке иньекция салынғаннан кейін бір ай өткен соң дыбыстарды ажрытататын халге жеткен, сосын есту қабілетінің деңгейі 106-дан 52 дицебелге дейін көтерілген. Бұл бағыттағы зерттеуге 1-24 жас аралығындағы 10 адам қатысты. Олардың барлығында да құлақтан миға дыбыстық сигнал беруге жауап беретін ақуыз өндірісін бұзатын OTOF генінде сирек кездесетін генетикалық мутация анықталған. Ғалымдар геннің жұмыс істеп тұрған көшірмесін тікелей ішкі құлаққа жеткізу үшін модификацияланған вирусты пайдаланды. Аталмыш ем-домның кері әсері болмашы ғана, елеулі асқыну немесе қабыну туындаған емес. Ғалымдардың келесі міндеті - GJB2 және TMC1 гендерімен байланысты саңыраулықтың емін табу.