|
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
|
Күн салқында елді әбігерге салатын тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы жұғады. Яғни, организмге түскеннен кейін жасушаға енеді. БҰл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапон және швейцариялық ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу барысында адам мен ит жасушаларына жасанды жолмен (in vitro) тұмау жұқтырып, вирустың мембрана арқылы қалай енетінін ажыратып көрсету қабілеті немесе мүмкіндігі жоғары микроскоппен бақылаған екен. Бір қызығы, жасушалар бөгде нәрсеге аса қарсылық көрсетпеген. Вирус жасушаға ешқандай пайда әкелмесе де. Мұндай бір қарағанда оғаштау көрінетін өзара іс-қимыл вирустардың жасушалардың өздері үшін өмірлік маңызы бар жасушаның сіңіру тетігін пайдаланатындығында жатыр. Мұндай тетік, атап айтқанда, гормондар, холестерин немесе темір сияқты қажетті заттарды жасушаның ішіне тасымалдауға жауап береді. Вирус жасушаның беткі жағындағы қандай да бір молекулаға жабасыда және жасушаның ішіне кірудің қолайлы нүктесін (әдетте рецепторлар көп орналасқан тұстан енеді) іздейді. Жасушалық рецепторлардың мембранаға вирустың бекітілгенін білгеннен кейін сол жерде ойық немесе «қалта» пайда болады. Оның пішіні ерекше құрылымдық ақуызбен - клатринмен тұрақтандырылады. Өсуіне қарай ойық вирусты айнала везикула (көпіршік) түзеді. Жасуша бұл көбікті өз ішіне тасымалдайды, онда оның қабығы еріп, вирусты шығарады. Атомдық күшке ие және флуоресценттік микроскопияны үйлестіретін жаңа технология «вирустық бағдарланған қос конфокалдық және АСМ-визуализация» (ViViD-AFM) деп аталды. Оның арқасында вирустың жасушаға ену динамикасын егжей-тегжейлі бақылауға болады. Осылайша, зерттеушілер жасушаның вирусты түрлі деңгейде сіңіруге белсенді ықпал ететінін көрсетті. Атап айтқанда, жасуша вирустың орналасқан жеріне функциялық маңызы зор клатрин ақуыздарын белгілі мақсатта тартады. Жасушаның үстіңгі беті де вирусты белсенді түрде аулайтын болып шықты. Егер вирус жасушаның бетінен алыстауға тырысса, мембрананың толқын тәрізді қозғалысы күшейеді. Жаңа әдістеме вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті әзірлеу үшін пайдалы. Мысалы, ол жасуша дақылдарында нақты уақыт режимінде әлеуетті дәрілердің тиімділігін сынақтан өткізуге жарамды. Авторлар бұл әдісті басқа вирустардың мінез-құлқын зерттеу үшін де, тіпті, екпелерді зерттеу үшін де пайдалануға болатынын баса айтады.