Түнгі суықтан энергия өндіретін құрылғы жасалды (видео)
Түнгі суықтан энергия өндіретін құрылғы жасалды (видео)
9 күн бұрын 392 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің инженерлері жердің жылуы мен түнгі аспанның суығы арасындағы айырмашылықты пайдалана отырып, түнде энергия өндіретін құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы building-tech.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша америкалық ғалымдар түнгі суықтан таза энергия алудың жолын тапты. Бірегей технология электр желісін пайдаланбай ғимараттың дербес желдеткіш жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Стирлинг қозғалтқышының ерекше нұсқасы - бірегей құрылғы алғаш рет жердің жылуы мен түнгі аспанның суығы арасындағы температураның табиғи айырмашылығын ғана пайдалана отырып, механикалық энергияны генерациялауға мүмкіндік береді. Стирлинг қозғалтқышы 200 жыл бұрын ойлап табылған. Конструкция газ немесе сұйықтық түріндегі жұмыс“денесі”тұйық көлемде қозғалатын жылу машинасы ретінде алға шығады. Бұл ретте пайда болатын қысымның өзгеруінен энергия ала отырып, жұмыс “денесін” оқтын-оқтын қыздыруға және салқындатуға негізделген. Әдеттегі қозғалтқыштардан айырмашылығы - Стирлинг қозғалтқышы температураның аздаған айырмашылығы есебінен жұмыс істей алады: ол үшін құрылғы бір жағынан жылу көзімен және екінші жағынан суық ортамен тікелей жалғануы немесе қосылуы тиіс. Бұл тараптағы тәжірибе бір жыл бойы жүргізілген екен. Нәтижесі шағын құрылғы шын мәнінде шаршы метрге кемінде 400 милливатт механикалық энергия өндіре алатынын көрсетті. Зерттеушілер бұл құрылғыны желдеткішті қуатпен тікелей қоректендіру үшін пайдаланған, сондай-ақ, оны ток шығару үшін шағын электр қозғалтқышына қосқан. Бұл әдісті жылыжайдың немесе тұрғын үй ғимараттарының желдеткішін іске қосу үшін пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат