|
Тұңғыш рет "ұшатын көлік" таныстырылды: Аппарат жыл соңында сатылымға шығады (видео)
|
Google негізін қалаушыларының бірі Ларри Пейдж қаржыландыратын Kitty Hawk стартапы Flyer деп аталатын "ұшатын көліктің" бірінші прототипін таныстырды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мультикоптердің ұшырылған сәті бейнеленген видео компанияның YouTube-арнасына жүктелді. 100 келі тартатын көлік құралына бір ғана адам отыра алады. Flyer электр тартылысы арқылы ұшады және сағатына 40 шақырымға дейін жылдамдық асыра алады.
Аппаратты жасаушылардың айтуынша, Flyer көлігін жүргізу үшін лицензия алудың қажеті жоқ, себебі аппарат өте жеңіл әуе көлігі саналады. Бұл көлік 2017 жылдың соңында сатылымға шығады деп жоспарланып отыр, алайда құрастырушылар көліктің қанша тұратынын анықтай алмай отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр