Үйді салқын ұстайтын бояу әзірленді
|

Күллі әлем бойынша электр энергиясының шамамен 20%-ын желдеткіш тұтынады. Бұл жайында islam.kz порталы popsci.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Энергия көбінесе қазбалы отыннан өндірілетіндіктен атмосфераға бөлінетін зиянды, парникті газ мөлшерін азайтудың климат дағдарысын еңсеруде маңызы зор. Осыны ескерген ғалымдар энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін технологияға басымдық бере бастады. Сондай технологиялардың біріне аптап ыстықта ғимаратты салқындатудың қоршаған ортаға зиянды әдеттегі жүйесінен бас тартуға мүмкіндік беретін экологиялық жағынан таза әдістер жатады. Дегенмен, нарықта кездесетін мұндай жүйелердің көбісінің кем-кетігі толып жатыр. Сондай кемшіліктердің біріне күннің сәулесінен инфрақызыл сәуле көмегімен қорғауға арналған бояудың тек құрғақ климатқа жарамды келетінін жатқызуға болады. Ғалымдар жаңа, арнайы, айрықша бояуды әзірлеуде цементке тән қасиетті қайтлайтын, яғни, ылғал шығаратын немесе бөлетін процеске негізделген тәсілді таңдады. Аталған құрылыс материалы сұйықтықты көп сіңіреді, ал организм артық ылғалды буландыру есебінен, яғни, терлеу арқылы салқындай алады. Ғалымдар калцилік силикат гидратынынан тұратын ақ гел жасады. Сосын оны кеуекті ету үшін зертханалық жабдықты пайдаланды. Кейін инженерлер шағындау келген үйді бояп, оны басқа құрамдармен қапталған үлгілермен салыстырды. Нәтижесінде, материалдың пилоттық сынақтары электр энергиясын 30-40% тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беретінін көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, олардың өнертабысы әр түрлі климаттық аймақтарда қолдануға жарайды.




