Ұйықтап жатқан адаммен сөйлесудің тәсілі табылды
Ұйықтап жатқан адаммен сөйлесудің тәсілі табылды
3 жыл бұрын 4142 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Төрт елдің, атап айтқанда, Франция, Германия, Нидерланды дәне АҚШ ғалымдары бұл тараптағы өздерінің тың зерттеуінде саналы түрде түс көріп жатқан адаммен тілдесуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл жайында islam.kz порталы Current Biology басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, түс көріп жатқан адам «иә немесе жоқ» дейтін қарапайым сауалдарға жауап бере алатынын көрсетті. Адам кейде өң мен түстің арасында болады, міне, осы жағдайда пайдаланып, адамның түсі мен түпсанасын зерделеуге болады. Аталған зерттеуге атсалысқан конгнитивтік нейробиолог Кен Паллер мен оның әріптестері адамның түсі мен жадысының арасындағы байланысты зерделеп келеді. Әдетте ұйқы күні бойы жиналған естеліктерді сенімді жолмен сақтауда маңызды рөл ойнайды деп есептеліп келеді. Алайда, бұл процесс туралы дерек өте мардымсыз. Түстің құпиясын ашуда қиындық тудыратын себептердің біріне адамның ұйқыдан оянған соң оны ұмытып қалуында жатыр. Осыған байланысты ғалымдар ұйықтап жатқан адаммен тікелей тілдесудің амалдарын қарастыруға көшеді. Осы мақсатта арнайы жүргізілген тәжірибеге өз еркімен қатысқан 36 адамның 57 ұйқы сеансының 26%-да саналы түрде түс көріп жатқанын көз қозғалысымен білдіре алған. Ғалымдар саналы түрде түс көріп жатқандармен тілдесуге 158 рет талпыныс жасап көрген екен - 18% жағдайда ғана дұрыс жауап ала алған екен. Ғалымдар ұйықтап, түс көріп жатқан адамдардың бет-әлпетін бағып, сауал қойылғанда жағымды жауап қату үшін күлкіні, ал жағымсыз жауап берере қабағын түю арқылы білдіретін тәсілді де қолданып көрді. Бұл зерттеу не үшін керек? Егер адам түсін басқара алатын деңгейге жетсе, яғни, көріп жатқан түсіне өзгеріс енгізе алса, мәселен, өңінде игере алмай жүрген қандай да бір дағдыны түсі арқылы меңгерсе, өңінде де жетістікке жететін болады. Алдымен ми қабылдауы тиіс. Бұдан бөлек, эмоциялық тұрғыдан зардап шекке адамды түсі арқылы емдеуге болады. Қысқасы, түс арқылы талай іс тындыруға болатынын алға тартып отыр ғалымдар.

Электроэнцефалограммадан ұйықтап жатқан адамның көз қозғалысы арқылы ойын жеткізгісі келетін талпынысы бейнеленген 

 

Ми белсенділігін тексеруге арналған шлем киіп алған аталмыш зерттеуге атсалысқан Кристофер Мазурек (Christopher Y. Mazurek)

Фото C. Mazurek/ Northwestern Universitу

0 пікір
Мұрағат