Ультракүлгін сәуле ДНК-ны алыстан да зақымдайтыны белгілі болды
Ультракүлгін сәуле ДНК-ны алыстан да зақымдайтыны белгілі болды
4 жыл бұрын 3709 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Карлсруэ технологиялық институтының ғалымдары ультркүлгін сәуленің әсер ету аумағынан алыста болса да ДНК участігін зақымдауы мүмкін екенін алға тартып отыр. Осы уақытқа дейін белгілі болғандай, ультракүлгін сәуле адам жасушасының генетикалық материалын зақымдап, тері обырын тудырады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Angewandte Chemie International Edition мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, осы диапозондағы сәуленің энергиясы ДНК тізбегіне дейін ене алмайды деп есептеліп келген болатын. Кейінгі зерттеу бұл гипотезаны теріске шығарды. Карлсруэ технологиялық институтының биологтерінің Angewandte Chemie International Edition мерзімді басылымында жарияланған ғылыми мақалада ультракүлгін сәуленің тікелей әсер еткенде ДНК-ның нақты қай учаскесін зақымдайтыны айтылған. Бұл бағытта ғалымдар ұзындығы шамалы генетикалық молекуланы синтездеп, оған сәулеленуге сезімталдығын арттыратын органикалық участокты үстеген болатын. Содан соң  ДНК-ға бірнеше тимин жұбын (төрт негізгі нуклеотидінің бірін немесе генетикалық молекуланың «құрылыс блоктарының» бірін) орналастырады. Ғалымдар бұл нуклеотидты бекер таңдаған жоқ – ДНК-ның ультракүлгін сәуледен жиі зақымдалатын кезі тиминдер арасындағы зиянды байланыстар пайда болғанда орын алады. Нәтижесінде ультракүлгін сәуленің әсер ету аумағынан алыста ДНК негізін зақымдай алатыны белгілі болды. Дәлірегі, эффекті 10,5 нанометрге дейін жеткен. Ғалымдар ендігі жерде сәулелену энергиясының ДНК мен қоршаған орта арасында қалай ауысып отыратынын анықтамақ әрі зақымдалған генетикалық молекуланың жанама реакция тудыру арқылы өзге генетикалық материалдарды зақымдай ма деген сауалға жауап іздемек.

0 пікір
Мұрағат