Ұрық жасушасы өзінің серігін таңдайтын болып шықты
Ұрық жасушасы өзінің серігін таңдайтын болып шықты
29 күн бұрын 1098 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Render Burger

Замануи ғылым ұрықтану процесіне қатысты тың деректерді тауып жатыр. Дәлірегі, саналы түрде биологиялық іріктеуді еске түсіретін серігін таңдаудың аса күрделі тетіктерінің таңғажайып құпиясын ашқан. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жаңа зерттеу «кім бірінші – сол әкесі» деген қасаң қағиданы жоққы шығарып отыр. Осы уақытқа дейін жыныс жасушалары арасындағы биологиялық коммуникацияның немесе байланыстың тұрпайы жүйесі ұрықтандыру процесінің негізгі факторы саналып келген еді. Ғылыми ортада болсын, қарапайым адамдар түсінігінде болсын, аналық жасуша ең алдымен келген сперматозоидті күтеді және қабылдайды деген жаңсақ ұғым үстемдік құрып келген болатын. Белгілі болғандай, аналық жасуша генетикалық материалды селективті тұрғыдан іріктеуде белсенді рөл атқаратын болып шықты. Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес бұл процесс өз кезегінде күрделі биометрикалық жүйені еске түсіретіні, дәлірегі, ааналық жасушаның интеллектуалды сканер рөліне енетіні анықталған. Аналық жасушаның өзіндік ерекшелігі бар кинетикалық өрісті қалыптастыратын діріл толқындарын тудырып, өзіне беттеген ұрықтардың генетикалық сапасын қашықтан талдаудан өткізе алатын қабілетке ие екенін көрсеткен. Осы орайда әрбір сперматозоидтің өзіндік, саусақ ізі секілді қайталанбайтын діріл ерекшелігі болады. Бұл ерекшелік ұрықтың генетикалық сапасы туралы ақпаратты қамтитын биологиялық акустикалық төлқұжат іспетті сперматозоидтің. Аналық жасуша сперматозоидтерді тартып қана қоймай, сонымен қатар, өзі қалыптастырған энергетикалық өріс арқылы сперматозойдтерді сүзгіден өткізіп, күрделі параметрлер бойынша іріктейді. Бұл процесс дәлдігі жоғары сүзгіні еске түсіреді – аналық жасуша өзіне генетикалық тұрғыдан сәйкес келген сперматозоидті діріл сипатына қарай танып, өзіне жол ашып өткізеді және қабылдайды. Бір қызығы, сперматозоидтің жылжу тетігінің өзі мен мақсаты бұрынғы ойлағанымыздан әлдеқайда күрделі процесс екені анықталып отыр. Аналық жасуша қалыптастыратын толқын сперматозоидтер үшін тек бьағдар қызметін атқармайды, сонымен бірге, аналық жасуша қалаған сперматозоидтің өөзіне қарай өтуіне қолайлы жағдай жасайтын «энергетикалық өріс» қызметін де қоса атқарады. 2018 жылы 3FX Inc. медициналық басылымына арналған Render Burger иллюстрациясында бейнеленген бұл жаңалық ұрықтандырутпроцестінің тек сперматозоидтердің жарысынан ғана тұрмайтынын, жасушалар арасындағы күрделі ұйымдастырылған диалогтан тұратынын көрсетеді, мұнда сперматозоидтер тағдыры көп параметрлі талдау мен таңдау негізінде шешіледі. Бұл зерттеулер репродуктивті процестер туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертіп, тіпті, жасушалық деңгейде өмір қазіргі заманғы биометриялық сканерлеу жүйелерімен салыстыруға болатын коммуникация және іріктеу тетіктерін қолданатынын көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат