Ұшатын қолшатырдың жетілдірілген нұсқасы жасалды (видео)
Ұшатын қолшатырдың жетілдірілген нұсқасы жасалды (видео)
2 сағат бұрын 52 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде осыдан екі жыл бұрын, дәлірегі, 2024 жылы ұшатын, яғни, адамның төбесінде қалықтап, жанынан қалмайтын қолшатыр турасында хабарлағанбыз (қараңыз: Ұшатын қолшатыр жасалды (видео). Жон Сүйу есімді иутубер әрі өнертапқыш «I Build Stuff» арнасында квадрокоптер түріндегі алғашқы нұсқасын жұртшылық назарына ұсынған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы YouTube әлеуметтік желісіндегі «I Build Stuff» арнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алғашқы нұсқасында мұндай қолшатырдың ұшуы үшін қолмен котроллер арқылы басқаруға тура келетін. Енді өздігінен адамның жанынан қалмайтын нұсқасы жасалды. Табаны күрейтей екі жылға созылған еңбек пен ізденістің арқасында. Бірегей технологиялық шешімнің кілті - GPS-навигацияда емес, ұшып өту уақытының ықшам камерасы болды. Бұл датчик құрылғыға кеңістіктің үш өлшемді картасын жасай отырып, объектілерге дейінгі қашықтықты анықтауға және нашар көрінетін жағдайларда да қозғалыстағы адамды дәл қадағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, пайдаланушы қолына ештеңе (не қолшатырды, не оны басқару құралын) ұстаудың қажеті жоқ - жай ғана жүрсе жеткілікті, ал қолшатыр жауыннан қорғауды қамтамасыз ете отырып, оның төбесінен қалықтап, жанынан қалмайды. Десе де бұл екінші нұсқаның да кем-кетігі бар: қатты желдің екпінінен дөйдалаға лағып кетеді. Бұдан бөлек, дербес ұшу (яғни, автономды ұшу) уақыты шектеулі. Ол ол ма, жұмыс істеп тұрған пропеллерлердің шуылы айналадағы адамдарға қолайсыздық тудыруы мүмкін.

 

0 пікір
Мұрағат