Вирусты жарық көмегімен табудың әдісі пайда болды
Вирусты жарық көмегімен табудың әдісі пайда болды
1 ай бұрын 307 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар (Мичиган университеті) вирусты жарықтың көмегімен табудың әрі қандай вирус екенін анықтаудың төтенше тың әдісін ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей технология жарықтың вирусқа әсері кезінде пайда болатын индивидтік діріл жиілігінің талдауға негізделген. BioSonics деп аталатын спектроскопиялық құралының арқасында жекелеген вирустардың дірілін тіркей алды. Бұл тербелістер адамның есту диапазонынан миллион мәрте жоғары жиіліктерде орын алады және әр вирус қай түрге жататынына қарай өзінше діріл қалыптастырады. Бұл өзгеше әдіс тек патогендерді анықтап қана қоймай, дәл идентификациялауға (яғни, қандай вирус екенін) мүмкіндік береді. Негізінде бұл айрықша технология нақты уақыт ааралығында айналада вирустардың бар-жоғын анықтауға, осылайша қатердің алдын алуға береді. Бұған қоса, аталмыш тәсіл вирустардың зерттелуі қиын сипаттарын ашуға, соның ішінде вирустардың өздігінен қалай ұымдасатын қабілетін ашуға септігін тигізбек. Бұл жаңалық өз кезегінде шапшаң әрі дәол диагностика қою арқылы инфекциялық аурулармен күресті жаңа белеске көтереді. Ал инфекцияны дер кезінде анықтау жұқпалы аурулардың етек алып кетпеуіне көмектеседі.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6