Зақымдалған бүйректі қалпына келтірудің әдісі табылды
Зақымдалған бүйректі қалпына келтірудің әдісі табылды
2 ай бұрын 874 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Kzenon / Shutterstock / Fotodom

Канадалық ғалымдар бүйректегі тамырларды қорғайтын әрі зақым алғаннан кейін аталған ағзаның қызметін сақтауға көмектесетін молекуланы анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы JCI Insight мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арала miR-423-5p микроРНҚ-сы турасында сөз болып отыр. Ол созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін ерте анықтауға әрі емдеуге биомаркер (биологиялық белгісі) бола алады. Дәлірегі, Монреал университеті емханасының зерттеу орталығының ғалымдары қан құрамындағы miR-423-5p деңгейі бүйрек сүзгісі қызметін атқаратын әрі бүйрек тінін қажетті элементтермен және компоненттермен қоректендіретін титтей тамырлардың – капиллярдың жай-күйінен нақты хабар береді. Капиллярдың зақымдалуы бүйрек жеткіліксіздігінің қауіпті белгісі ретінде бағаланады. Осы микроРНК-ны өткір бүйрек жарақаты бар тышқандардың организіміне енгізгенде, қан тамырларының жойылуын тоқтатумен қатар, ағзаның жалпы зақымдануы да едәуір төмендеді. Болашақта бұл әдіс инъекциялық терапияның негізіне айналуы мүмкін, әсіресе, ағзаларды трансплантациялау немесе қан ағымын уақытша тоқтату процесінде. Қазіргі уақытта ғалымдар микроРНК-ны бүйрекке тікелей жеткізудің тәсілдерін әзірлеуде — мәселен, инъекциялық коктейл түрінде. Мұндай тәсілдің бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кішкентай тамырлардың жойылуында шешуші рөл атқаратын нейродегенеративті ауруларда пайдалы болуы мүмкін.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3