Зақымдалған сүйекті алмастыратын шыны жасалды
Зақымдалған сүйекті алмастыратын шыны жасалды
1 ай бұрын 931 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

3D-принтер көмегімен науқастың зақымдалған сүйегінің құрылымын дәлме-дәл қайталайтын бірегей имплант жасалды. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Nano мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шыныны адам сүйегін қалпына келтіруге негіз бола алатын материалға айналдыруға бола ма? Тао Шен және Хуанан Уан есімді қытай биоинженерлері биологиялық шыны ойлап тапты. Былай қарасаң, шыны мен сүйек екі бөлек дүние, алайда, ұқсас тұстары да жетерлік. Екі материал да қысымға, салмаққа төтеп бере алады. Белгілі бір деңгейде. Алайда, созуға төзбейді, сынып кетеді. Ең маңыздысы – шыны негізін құрайтын кремниді сұйықтық затқа айналдыруға болады әрі оны түрлі пішінге келтіруге болады. Шынының бұл қасиетін қытай ғалымдары сүйектің кемігін толықтыратын каркасқа пайдаланды. Ең басты қиындық – шынының көптеген түрін өңдеу үшін немесе басып шығару үшін улы зат қосылады немесе 1100 °C-тан жоғары температура қажет. Бұлар процесті тым қымбатқа түсіретіндіктен қытай ғалымдары басқа әдісті тауып қолданған екен. Олар кремниді калция мен фосфат иондарымен араластырып, организмдегі сүйек тінінің өсуіне қажетті әрі 3D принтерде басып шығаруға келетін биологиялық гел алуға қол жеткізген. Биогелді қатты затқа айналдыру үшін еt 700 °C температурада қыздырған. Нәтижесінде сүйек қасиетін қайталайтын материал пайда болды. Мұндай шыны қаңқа сүйек имплантатын жаңа деңгейге көтермек.

-2

0 пікір
Мұрағат