Әлемде алғаш рет дыбыстан жылдам зымыранға қарсы жүйе пайда болады
Әлемде алғаш рет дыбыстан жылдам зымыранға қарсы жүйе пайда болады
11 ай бұрын 842 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дыбыстан бес есе жылдам әрі маневр жасауда осы уақытқа дейін құрастырылған барлық зымыранның алдын орап кететін бұл жүйе ең қиын деген қауіпті еңсеруге мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы israelinfo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израилдің қорғаныс министрлігі гипердыбысты зымырандарды  залалсыздандыруға арналған әуе қорғаныс жүйесінің бірегей жүйесін жасайтынын жариялады. Израилдің «Рафаэл» компаниясының мамандары құрастырған SkySonic инновациялық кешенімен үш жыл бойы айналысқан екен, көп ұзамай сынақтан өткізеді. Келесі айда Париж қаласындағы ависалонында жұртшылық назарына ұсынады. SkySonic - соңғы он жылда «Рафаэл» компаниясының зымыранға қарсы төртінші жүйесі. Аталған жүйе компанияның соңғы жылдары құрастырған қысқа қашықтықтағы Iron Dome жүйесін, орташа қашықтықтағы Дәуіт Слинг жүйесін және Light Shield (немесе Magenor) зымыранға қарсы лазерлік жүйесін толықтырады.

0 пікір
Мұрағат