Әлемде алғаш рет тек әйелдерге арналған замауни мешіт ашылды (фото)
Әлемде алғаш рет тек әйелдерге арналған замауни мешіт ашылды (фото)
1 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тек араб әлемінде ғана емес, күллі жаһанда бірыңғай әйелдерге арналған замануи мешіт Катар астанасында, яғни, Доха қаласында бой көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы Yeni Şafak мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сәулеті мен сәні айрықша өзгеше ғибадат ғимараты тек құлшылық ететін орыннан ғана тұрмайды, сонымен қатар, ағарту орталығын қамтитын өз алдына бөлек кешеннен тұрады. Тарқатып әрі нақтырақ айтсақ, бірегей жобаны Diller Scofidio + Renfro (DS+R) архитектуралық бюросы әзірлеп, аумағы 4 600 шаршы метрді алып жатқан Al-Mujadilah көпфункционалды кешенінің бір бөлігіне айналған, оған тек мешіт қана емес, білім беру орталығы да кіреді. Еңселі ғимараттың басты сәулет ерекшеліктерінің бірі - толқын тәрізді перфорацияланған тас шатыр, оның астында түрлі функционалдық аймақтар орналасқан. Намаз залы мен оқу бөлмелері зәйтүн ағаштарымен безендірілген дөңгелек ішкі ауламен бөлінген, ал ғимараттың табиғи жарығы мыңдаған жарық люктерін қалыптастырады. 750 адамға шақталған намаз залының интерьері абстрактілі ою-өрнекпен безендірілген.

0 пікір
Мұрағат